«Опералия» Халықаралық музыкалық фестивалі. Балет Кеші екі бөлімді.Спектакль аудиожазбамен өтеді. Кештің бірінші бөлімінде «Астана Опера» театры балет әртістері классикалық, заманауи әрі ұлттық хореографиядан тұратын жарқын бағдарлама ұсынады, ал екінші бөлімде Раймондо Ребектің How Long Is Now («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») бір актілі балеті. Неміс хореографы Р. Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау. Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі. Бүгін бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді». Р. Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды. Қойылымда М. Рихтер, Г. Эскот, Э. Боссо, О. Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л. Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз. Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Международный музыкальный фестиваль «Опералия». Вечер балета в двух отделениях. Спектакль идёт под аудиозапись. В первом отделении вечера артисты балета «Астана Опера» представят яркую программу из классической, современной и национальной хореографии, а во втором отделении одноактный балет Раймондо Ребека How Long Is Now («Сколько длится Сейчас?») Балет немецкого хореограф Р. Ребека «Сколько длится Сейчас?» это философское размышление о времени и его отдельных моментах. Как долго может длиться Сейчас в разные моменты жизни? Влюблённому кажется, что поцелуй длится вечность, воспоминания страданий могут остаться навсегда или бесследно исчезнуть... Время течёт по-разному для человека, который мучительно долго уходит из жизни, и для людей, любящих его. Сегодня это завтрашнее Вчера, ведь только что случившееся сразу становится прошлым. На вопрос «Сколько длится Сейчас?» можно ответить, как ответил Кролик на похожий вопрос Алисы, героини сказки Льюиса Кэрролла «Алиса в стране чудес» Сейчас, как и вечность, длится, порой, всего секунду. В балете Р. Ребека три пары танцовщиков символизируют жизнь человека на разных её этапах. Талантливый хореограф совершает оригинальную попытку средствами хореографии исследовать время, его течение и восприятие. Использована музыка М. Рихтера, Г. Эскота, Э. Боссо, О. Арнальдса и Л. Эйнауди, получившего особую известность как автор саундтрека к фильму «1+1», а также группы Les Tambours du Bronx («Барабаны Бронкса»). Рекомендованный возраст: 10+ В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.