Спектакль қазақ тілінде және орыс тілінде синхронды аудармасымен өтеді. Уақыт Ағымындағы Адамзат Баласының Кең Пейілі Тарылып, Мейірімі Мен Ұяты Тартылып, Суалып Барады... Ар Таразысы Салмақсызданып, Адамгершілік Қасиет Құнсыздануда. Себебі, Болмыстың Нәрі Мен Құнары Ұжданнан Айырылып Барамыз. Ақын Шәкәрімді Толғандырған «Ар, Ұят, Ынсап, Намыс» Атты Басты Адамдық Қасиеттер Бұл Күнде Де Жұтаңданып, Жаһандану Дәуіріне Жұтылып Барады. Ұжданнан Айырылған Қоғам Хайуан Күн Кешіп, Азып-Тозып Кетпей Ме? Ал, Адамзат Бұны Ойлай Ма? 2023 Жылы Іі Республикалық «Сын-Шын Болсын» Театр Фестивалінде «Үздік Ансамбль» Номинациясымен; 2023 Жылы «Biken I» — Халықаралық Театр Фестивалінде «Б. Римова Атындағы Арнайы Жүлдесімен; 2023 Жылы Қазақстан Драма Театрларының Ххіх Республикалық Фестивалінде «Үздік Режиссерлік Шешім» Номинациясымен; 2023 Жылы Мәскеуде Өткен Халықаралық «Подмосковные Вечера» Фестивалінде «Үздік Ансамбль» Номинациясының Иегері. Орындаушылардың құрамына қосымша хабарламасыз өзгерістер енгізілуі мүмкін.