Astana Musical мемлекеттік театрының Synaq драмасына шақырамыз! Людмила Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделген қойылым әр көрерменді толғандыратын маңызды да өзекті мәселелерді көтереді. Драма не туралы? Мектеп түлектері өз ұстаздарын туған күнімен құттықтауға келеді. Жақсы ықыласқа толы көрініс болып көрінгенімен, астарында құйтырқы мақсат пен қатігез ниет бар. Оған қол жеткізу үшін кейіпкерлер қандай әрекетке баруға дайын? Арам ойдың азғыруына төтеп беріп, ар-ұжданын сақтай ала ма, әлде қалаған нәрсесіне қол жеткізу үшін бәріне баруға дайын ба? Бұл оқиға — қоғамның айнасы, өмірде жиі кездесетін мораль дилеммасының көрінісі. Нелікен қойылымға келу керек? Спектакльде ұрпақ сабақтастығы, жасөспірімдердің ата-аналарымен, мұғалімдерімен және қоғаммен қарым-қатынасы жан-жақты ашылады. Өткен ғасырдың 80 жылдары қоғамда үлкен резонанс тудырған туынды бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әр көрермен ой түйетін шиеленіске толы психологиялық драмадан қапы қалмаңыз! Приглашаем на захватывающую драму Synaq государственного театра Astana Musical! Постановка, созданная по мотивам произведения Людмилы Разумовской «Дорогая Елена Сергеевна», поднимет важные и актуальные вопросы, которые заденут каждого. О чём драма? Выпускники школы приходят поздравить учителя с днём рождения, но этот визит — лишь видимость праздника. Под маской милого жеста скрываются скрытые цели и жестокие намерения. Как далеко готовы зайти ребята ради своей выгоды? Смогут ли они устоять перед искушением и сохранить свою совесть, или пойдут на всё ради желаемого? Эта история — зеркало нашего общества, где каждый из нас сталкивается с моральными дилеммами. Почему стоит посмотреть? В постановке затронуты проблемы противостояния поколений, а также взаимоотношений школьников с родителями, учителями и обществом. Произведение, которое вызвало большой резонанс в 80-годы прошлого столетия, остаётся актуальным и в наши дни. Не упустите возможность окунуться в мир напряжённой психологической драмы, где каждый зритель сможет найти что-то своё.
Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын …