Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, «Жеңіс рухы» атты концертін ұсынады. Бас дирижер «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Концерт барысында ерлік пен отансүйгіштікті арқау еткен әлемдік және ұлттық классиканың таңдаулы туындылары орындалады.