Әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклі белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын сахнаға шығарады. Шығармашылық иесі өмір жолында кезіккен қиындықтарды қалай қарсы алды, адам мен қоғамға деген қандай философиямен қарады, ішкі дүниесінде толқыған сезім иірімдерін, ғашықтық сырларын қалай бағындырды, осылардың барлығынан сүзіліп шығып, бұлқынып, сілкініп туған әуезді әндерді қалай дүниеге әкелді, міне, қойылымның көрерменге берер басты құндылығы осы. Спектакль барысында орындалатын Шәмші әндерінің әрқайсысы автордың бір-бір ойы, өмірінде орын алған әр-алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятады. Музыкалық жас көрермен театры «Шәмші» мюзиклі арқылы өнер жолына қызығушылықпен қарайтын дарынды жасөспірімдер мен балалардың қиялын қозғап, оларды өнерге қызықтырып, қанаттандыруды мақсат етеді. Қойылымды тамашалаған жас көрермен Шәмшіге қарап, оның шығармашылығына зер салып, күрделі өмір жолындағы киелі өнердің бағасы адамзат ғұмырын арнауға тұратындай құдіретті де таза екендігіне көз жеткізеді деген сенімдеміз. Мюзикл «Шамши», отражающий жизнь и творчество известного казахстанского композитора Шамши Калдаякова, на сцене годы борьбы, влюблённого и композиторские аспекты известного человека. Как творец встречал трудности жизни, как подходил к людям и обществу, как покорял эмоции внутреннего мира, секреты любви, как выходил из всего этого и сочинял мелодичные песни. Общественность настолько полюбила песни Шамши, что прозвала его королём казахского вальса. Практически каждая песня, которую создал талантливый казахстанец, становилась шлягером. Песни композитора распевал весь народ Каждая исполненная во время выступления песня Шамши — это одна из мыслей автора и различные события его жизни. Впечатляющий мир человека, превратившегося в песню, завораживает публику, трогает добротой и любовью в сердце, пробуждает такие благородные качества, как нравственность, окутывающая разум. Музыкальный театр юного зрителя призван вдохновлять, вдохновлять и вдохновлять талантливых подростков и детей, интересующихся искусством, через мюзикл «Шамши». Мы надеемся, что юный зритель, посмотревшый спектакль, взглянет на Шамши Калдаякова, обратит внимание на его творчество и увидит, что ценность сакрального искусства в нелёгкой жизни настолько велика и чиста, что стоит посвятить ему человеческую жизнь.