Шәкәрім

Шәкәрім
Музыкально-драматический театр им. Куанышбаева
Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» музыкалық драмасы – қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын арқау еткен терең философиялық туынды.
Қазақ руханиятының аспанында жұлдыздай жарқ етіп, ғұмырын халқының санасын оятуға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақиқат іздеуші кемел ойдың иесі, ұлтының рухани ұстазы.
Шәкәрімді тану арқылы өткенімізге баға беріп, келешегімізге айқын бағдар жасай аламыз.
Ш.Құдайбердіұлының ұлы мұрасы – халқымыздың рухани жаңғыруына жол ашар мәңгілік шамшырақ.
Музыкалық драмада Шәкәрімнің ақтаңдақ кезеңдерді бастан өткерген тағдыры, рухани ізденістері, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы, сондай-ақ өміріндегі драмалық оқиғалар суреттелген.
Қойылым бірнеше сахналық көріністерден тұрады. Шәкәрім мен оның қоршаған ортасындағы кейіпкерлердің болмысы кеңінен ашылады.
Әсіресе, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің рухани байланысы, Абайдың ағалық қамқорлығы және Шәкәрімнің оның ізін жалғастыру жолындағы азаматтық ұстанымдары ерекше мәнге ие.
«Шәкәрім» музыкалық драмасы өскелең ұрпаққа көрнекті тұлғаның шығармашылық мұрасын, рухани құндылықтарын, ізгілік пен мейірімділікке негізделген адами қасиеттерді дәріптейді.

Стоимость 3000 ₸
Участвуют:
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Музыкально-драматический театр им. Куанышбаева

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане
Творчество Культура