Қазақ халқының ән өнері ұлт руханиятының алтын арқауы, ғасырлардан жеткен сырлы саздың шежіресі. Осы құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, дәстүрлі ән мектептерін насихаттап келе жатқан Халық әні бөліміне биыл — 20 жыл! Осы мерейтойға орай, 2025 жылғы 16 қазан күні сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Әсерлі ән сал, Домбыра!» атты салтанатты концерт өтеді. Кештің мақсаты — қазақтың төл өнерін ұлықтап, халық әні дәстүрінің өміршеңдігін көрсету. Бұл бөлім өз жұмысын бастағаннан бері небір өнер саңлақтарын тәрбиелеп, халық әнінің мол қазынасын сахна төрінде жаңғыртып келеді. Аталған концерт те сол өнер жолындағы іргелі еңбектің жарқын көрінісі болмақ. Концерт барысында көрермен қауым халқымыздың дәстүрлі ән мектептеріне тән терме, толғау, лирикалық әндер мен ұлттық нақыштағы композиторлық шығармаларды тыңдай алады. Әрбір туынды өткен мен бүгінді байланыстырып, рухты көтерер, жүректі тербер әуендер. Концертке қатысушылар: Нұрай Танабаев, Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Берік Омаров, Гүлмира Сарина, Арайлым Рахымқызы, Телман Нұркенов, Данияр Мұқанов, Айгерім Нартүйе, Жақсыкелді Маясаров, Рахат Бегасилов, Зинат Қасымова, Нұржан Мейрхан, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Жандос Иманбай, Айбала Бейсенова, Өзгеріс Шерікбай, Нұрайлым Ерталапқызы, Айдос Оңғарбай, Ершат Қайырхан. Бұл кеш дәстүрлі ән өнеріне тағзым ғана емес, сондай-ақ халықтың рухани мұрасын болашақпен жалғайтын мәдени көпір. Домбырамен шырқалған әсерлі әндер — халқымыздың жан әлемінің, тағдырының, тұтас болмысының үні. «Әсерлі ән сал, Домбыра!» — бұл ата-бабадан жеткен өнерге құрмет, жас ұрпаққа өнеге! Казахское песенное искусство — это духовная опора нации, летопись, передающаяся из поколения в поколение через мелодию, наполненную историей, чувственностью и философией. В этом году Отдел народной песни Государственной академической филармонии имени Еркегали Рахмадиева отмечает своё 20-летие! В честь юбилея 16 октября 2025 года в 19:00 в концертном зале филармонии состоится праздничный концерт под названием «Әсерлі ән сал, Домбыра!». Цель мероприятия — возрождение, продвижение и популяризация традиционного песенного искусства, а также демонстрация его уникальности и жизнеспособности в современном культурном пространстве. На протяжении двух десятилетий Отдел народной песни играет важную роль в сохранении и развитии национального вокального наследия. В программе концерта — традиционные казахские песни, терме, толгау, произведения известных композиторов и вокальные миниатюры, исполненные в лучших традициях казахской вокальной школы. Участники концерта: Нұрай Танабаев, Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Берік Омаров, Гүлмира Сарина, Арайлым Рахымқызы, Телман Нұркенов, Данияр Мұқанов, Айгерім Нартүйе, Жақсыкелді Маясаров, Рахат Бегасилов, Зинат Қасымова, Нұржан Мейрхан, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Жандос Иманбай, Айбала Бейсенова, Өзгеріс Шерікбай, Нұрайлым Ерталапқызы, Айдос Оңғарбай, Ершат Қайырхан. Каждое выступление — это мост между прошлым и будущим, между голосом предков и сердцем современного слушателя. Национальная песня в сопровождении домбры — это голос народа, его судьба и душа. Концерт «Әсерлі ән сал, Домбыра!» — это поклон великому наследию и вдохновляющий праздник казахской музыкальной культуры.