Пойыз 21:15

Пойыз 21:15
1 июня 2025 19:00
Музыкальный театр юного зрителя
Экзистенциальді қойылым дегеніміздің өзі бүкіл жасандылықтың бетінен бетперде сыпыру. Ол ешкімді сомдамайды. Ішкі жан дүниесіне үңіліп, ақиқатты айтады. Сыншының сүңгі қаламынан, көрерменнің көңілінен қорықпайды.
Бұл жанрды батылдық деп атасақ та болады. Бұл жанрмен танысқыңыз келсе тәуелсіз DAT театрының белгілі ақын Ж. Жаңқашұлының аудармасымен қойылған түрік жазушысы Т. Орбайдың «Поезд 21:15» қойылымын көруіңіз керек! Егер біреу театрдан бәрін түсініп, 2+2=4 деп қайтар болса, онда ол алтын қазуға келіп, қазынасыз қайтқан адам. DAT театрының қойылымынан шыққан адам 2+2=4 болатынына күмәнмен қарай бастайды. Бәрімізде құдыққа тасталған Жүсіп пайғамбар секілді жалғыздық пен депрессияның құдығына түсіп көргенбіз. Ондай кезде екі көзің сыртқа емес, ішке үңіледі. Сыртқы әлемнің есігін жауып, ішкі әлемге кіресің. Сөйтсең, ішіңде не жоқ дейсің? Күдікшіл көршің де, мансапқор досың да, уайымшыл анаң да, бәрінің образы бар. «Пойыз 21:15» адамның ішіне үңілуден туған ғажайып шығарма. Адамның ішкі дағдарысымен күресі. Эмоциялардың кардиограммасы.

Стоимость 2000 - 4000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет
Куда пойти в Астане в эти выходные

Музыкальный театр юного зрителя

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане