Парасат майданы

Парасат майданы
26 марта 2025 19:00
Музыкально-драматический театр им. Куанышбаева
Музыкально-драматический театр им. Куанышбаева
«Парасат майданы» — адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармаларының негізінде («Оң қол» және «Парасат майданы») сахналанған.
Спектакльдің негізгі өзегі адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.
Қойылым барысында көрермендер рухани құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең сезінеді.
«Парасат майданы» — адамның рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін, көрерменді ойландыратын, өмірдің шынайы мәнін іздеуге жетелейтін туынды.

Стоимость 1500 - 3000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Музыкально-драматический театр им. Куанышбаева

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане