Концерт залында қазақ поэзиясының майталманы, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Өлеңімде өмір бар өзің жайлы» атты концерт өтеді. Әдебиет пен өнер тоғысқан бұл кеште ақынның жүрекке жақын сыршыл лирикалық өлеңдеріне жазылған әндер шырқалмақ. Бағдарламада қазақ музыка өнерінің классиктері Н. Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов, С. Бәйтереков сынды ұлы композиторлардың, сондай-ақ жас буын сазгерлердің туындылары ұсынылады. Концерт шымылдығы Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» шығармасымен ашылып, сахна төрінде «Қазақ оркестрі» мен «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетеді. Кеште елге белгілі әншілер Қазақстанның Халық әртісі Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева және Арайлым Рахымқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрқанат Тапиев, Айдын Жұмабаев, Диана Май, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов және тағы да басқа өнер майталмандары бар. Концерт бағдарламасында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Әнім сен едің», «Куә бол», «Қаздар қайтып барады», «Қайран менің жүрегім», «Аяулым», «Екі жұлдыз», «Жан ана», «Алматы түні», «Шақырады көктем» секілді халық жүрегіне жол тапқан сүйікті әндер жаңаша өңдеуде шырқалатын болады. Домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын «Сарыарқа», «Сағындым ғой» сияқты әсерлі шығармалар да көрерменге жаңаша сипатта жол тартпақ. Концертте хореографиялық қойылымдар да кештің ажарын ашып, салтанатын көтеріп, әрлендіре түспек. ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Зауырбек Райбаев қойған «Шалқыма» ансамблінің би нөмірлері де ақын жырының қуатын сезіндіріп, көрерменді баурап әкетері сөзсіз. Бұл концерт көрермен қауымға поэзия мен саздың жарасымды үндестігін сыйлап, Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылық мұрасын ел жадында қайта жаңғыртады. Ақын жырлаған махаббат пен туған елге деген сағыныш, ананы ардақтау, Отанға сүйіспеншілік сынды тамаша тақырыптарды өнерпаздарымыз теңіздей тербеп, тереңнен толғап жеткізбек. «Өлеңімде өмір бар өзің жайлы» атты концерт ұлттық рух пен поэзияны дәріптейтін өнер мерекесі болмақ. Концерт «Өлеңімде өмір бар өзің жайлы», посвящённый 90-летию народного писателя, мастера казахской поэзии Туманбая Молдагалиева. Этот вечер, объединяющий литературу и музыку, представит песни, написанные на проникновенные лирические стихи поэта. В программе произведения классиков казахской музыки Н. Тилендиева, Ш. Калдаякова, А. Бейсеуова, С. Байтерекова, а также произведения композиторов молодого поколения. Концерт откроется произведением Н. Тилендиева «Ата толғауы» в исполнении «Қазақ оркестрі» и ансамбля народного танца «Шалқыма». В концерте примут участие известные исполнители: народная артистка Казахстана Майра Ильясова, заслуженные деятели Республики Казахстан Светлана Айтбаева и Арайлым Рахымқызы, лауреаты международных конкурсов Нурканат Тапиев, Айдын Жумабаев, Диана Май, Акбота Куснадин, Акимхан Маженов и другие мастера сцены. В программе концерта прозвучат песни на стихи Туманбая Молдагалиева «Әнім сен едің», «Куә бол», «Қаздар қайтып барады», «Қайран менің жүрегім», «Аяулым», «Екі жұлдыз», «Жан ана», «Алматы түні», «Шақырады көктем». Любимые народом произведения будут исполнены в новой обработке. В сопровождении домбры прозвучат такие трогательные сочинения, как «Сарыарқа», «Сағындым ғой», обретая новое звучание. Хореографические постановки придадут вечеру особую красочность и торжественность. Танцевальные номера ансамбля «Шалқыма», поставленные народным артистом Республики Казахстан, лауреатом Государственной премии Зауурбеком Райбаевым, передадут силу поэзии и покорят зрителей. Концерт подарит публике гармоничное единство поэзии и музыки, вновь оживив в памяти творческое наследие Туманбая Молдагалиева. Темы любви и тоски по родине, почитания матери, преданности Отчизне, воспетые поэтом, прозвучат глубоко и проникновенно в исполнении мастеров искусства. Концерт «Өлеңімде өмір бар өзің жайлы» станет праздником искусства, прославляющим национальный дух и поэзию.