Нуржамал Усенбаева

Нуржамал Усенбаева
4 июня 2025 19:00
Филармония им. Рахмадиева
Концерт залында Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі — Нұржамал Үсенбаеваның «Нұржамал шақырады» атты шығармашылық кеші өтеді.
Нұржамал Үсенбаеваның таланты әлемге танылған: еңбек жолын Алматы қаласындағы қара шаңырақ — Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында бастаған. Содан бері ол әлемнің беделді сахналарында өнер көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Carnegie Hall және Lincoln Center (Нью-Йорк, АҚШ), Cortot (Париж, Франция), Concertgebouw және Care (Амстердам, Нидерланды), Coliseum (Лиссабон, Португалия), Үлкен театр, Мәскеу консерваториясының Үлкен және Рахманинов залдары (Мәскеу, Ресей), Станиславский және Немирович-Данченко театры (Санкт-Петербург, Ресей), Мұса Жәлел атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театры (Қазан, Татарстан) сынды әйгілі өнер ордаларында жеке концерттер беріп, опера спектакльдерінде зор табыспен өнер көрсетті.
Ол туралы американдық әйгілі Daily News газеті «Нұржамал Үсенбаева өз халқының ән құсы» деп жазса, «Известия» шетелдік басылымы оны «Үздік Виолетта еуропалық шеберлік пен вокалдық мәдениеті бар алматылық сүйкімді Нұржамал Үсенбаева» деп жоғары бағалаған. Ал «Вечерняя Казань» газетінің тілшілері: «Бұл жеңіске кім қарсы тұра алады?! Осы еркін ағып жатқан, балғын, толы, жанды дауысқа қарсы ма?! Оның бойында қандай күшті нәзіктік, жанқиярлық естіледі...», деп оның орындаушылық шеберлігіне тәнті болған.
Нұржамал Үсенбаева жоғары кәсіби шеберліктің, баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздықтың, руханилық пен жан дүниенің үйлесімді үйлесімін бойына сіңірген сирек талант иесі. «Мен әртіспін және жан-жақты болуым керек! Менің жұмыс істеуге, ізденуге деген ұмтылысым шексіз, бір орында тоқтап қалмауым қажет», дейтін әнші шығармашылық жолында тек опералық партияларды ғана емес, оперетталар мен мюзиклдерді, камералық және вокалдық музыканы, халық әндері мен джазды да үлкен шеберлікпен орындай алады. Әрбір музыкалық туындыны жүрекпен жеткізіп, әр образға жан дүниесінің бір бөлшегін арнауы оның дара сипаты.
1998 жылдан бастап Нұржамал Үсенбаева Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисті ретінде өнер көрсетіп келеді. Бұл кеш оның көпжылдық шығармашылық жолының жарқын көрінісі, сахналық кемелденуінің бір белесі болмақ.
Кеш барысында әншінің кең ауқымды және алуан түрлі репертуары ұсынылады. Тыңдарман назарына Төлеген Мұхамеджановтың «Астана», «Туған жер» және «Отан» атты патриоттық рухтағы туындылары симфониялық оркестр сүйемелімен шырқалады. Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» ұлттық лириканың нәзік иірімдерін жеткізсе, Вольфганг Амадей Моцарттың «Дон Жуан» операсынан ария, Шарль Гуноның «Фауст» операсынан Маргаританың ариясы, Антонин Дворжактың «Русалка» операсынан ариясы мен «Славян билері», Джоаккино Россинидің «Севильский цирюльник» операсынан Фигароның ариясы, Антон Брукнердің симфониялық шығармасы және Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» операсынан дуэт сынды күрделі әрі мазмұнды шығармалар ұсынылмақ. Бұл туындылар әлемдік музыканың алтын қорынан алынған, көркемдік тереңдік пен техникалық шеберлікті талап ететін таңдаулы шығармалар. Сондай-ақ, кеште жас орындаушылар Нұрсәт Алмас, Алтынбек Арыстанбек пен Ринат Нұрмұханның орындауындағы попурри тыңдарманға жаңа леп сыйлайды. Кеш соңында барлық солистер бірлесіп әйгілі «Volare» әнін орындайды. Ал финалда Төлеген Мұхамеджановтың «Отан» туындысы шырқалып, көрермен жүрегінде ұлтқа, өнерге деген махаббатты тереңнен қозғайтын шынайы әсер қалдырмақ.
Концерттің ерекше қонақтарының бірі Чехиядан арнайы шақырылған әлемге танымал баритон, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, BBC Cardiff Singer of the World конкурсының лауреаты Филип Банджак болмақ. Ол Венгрияның мемлекеттік операсынан бастап, Прага ұлттық театры, Мәскеудегі Үлкен театр сынды әлемдік жетекші сахналарда өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленіп жүр. Филип Банджактың қатысуы кештің халықаралық деңгейін айқындап, музыкалық бағдарламаның көркемдік шоқтығын биіктете түспек.
Ал, дирижёрлік тізгінін АҚШ-тан арнайы шақырылған маэстро Ян Пеллант ұстайды. Ол Солтүстік Айдахо филармониясының көркемдік жетекшісі және тәжірибелі дирижёр. Халықаралық сахналарда жоғары бағаланған Ян Пелланттің симфониялық оркестрмен жұмысы кештің көркемдік тұтастығын арттырып, орындаушылық үйлесімділікті жаңа деңгейге көтереді.
«Нұржамал шақырады» бұл музыка әлеміндегі ұлттық және жаһандық мұралардың бір сахнада үндестігін табуы, көрерменге рухани серпіліс пен эстетикалық ләззат сыйлайтын тағылымды өнер оқиғасы болмақ.
Творческий вечер народной артистки Казахстана и Татарстана — Нуржамал Усенбаевой под названием «Нұржамал шақырады».
Талант Нұржамал Үсенбаевой признан во всём мире. Свой творческий путь она начала на сцене Казахского национального академического театра оперы и балета имени Абая в Алматы, а затем с триумфом выступала на самых престижных сценах мира: Carnegie Hall и Lincoln Center (Нью-Йорк, США), Cortot (Париж, Франция), Concertgebouw и Care (Амстердам, Нидерланды), Coliseum (Лиссабон, Португалия), Большой театр, Большой и Рахманиновский залы Московской консерватории, Театр Станиславского и Немировича-Данченко (Москва, Россия), а также Академический государственный театр оперы и балета им. Мусы Джалиля (Казань, Татарстан).
О ней писали ведущие мировые издания. Газета Daily News назвала её «певчей птицей своего народа», а Известия — «лучшей Виолеттой с европейским мастерством и вокальной культурой, обаятельной алматинкой». Журналисты Вечерней Казани восхищались: «Кто сможет устоять перед этим голосом? Свободный, живой, полный и молодой голос... Сколько в нём силы, нежности и самоотдачи...».
Нуржамал Усенбаева — редкий талант, сочетающий профессиональное мастерство, сценическую харизму, духовность и артистическую элегантность. Её творческий диапазон охватывает оперу, оперетту, мюзикл, камерную и вокальную музыку, народные песни и джаз. Каждое произведение она исполняет с душой, вживаясь в образ и делясь частичкой своего сердца.
С 1998 года Нуржамал Усенбаева является солисткой Государственной академической филармонии имени Еркегали Рахмадиева. Вечер «Нұржамал шақырады» — это веха в её творческом пути, отражение многолетнего сценического опыта и зрелости.
В программе прозвучат: патриотические композиции Тулегена Мухамеджанова «Астана», «Туған жер» и «Отан» в сопровождении симфонического оркестра, «Казахский вальс» Латифа Хамиди, арии из опер В. А. Моцарта («Дон Жуан»), Ш. Гуно («Фауст»), А. Дворжака («Русалка»), Дж. Россини («Севильский цирюльник»), дуэт из оперы Р. Леонкавалло «Паяцы», симфоническое произведение А. Брукнера, а также попурри в исполнении молодых артистов — Нұрсәт Алмас, Алтынбек Арыстанбек и Ринат Нұрмұхан. Финалом вечера станет коллективное исполнение знаменитой песни «Volare», после чего прозвучит произведение Тулегена Мухамеджанова «Отан» — как мощный аккорд любви к Родине и искусству.
Особым гостем станет выдающийся баритон из Чехии — Филип Банджак, лауреат конкурса BBC Cardiff Singer of the World, покоривший сцены Венгерской государственной оперы, Национального театра Праги, Большого театра и многих других.
Дирижёр вечера — Ян Пеллант (США), художественный руководитель Северо-Идахской филармонии, признанный мастер симфонического дирижирования.
«Нұржамал шақырады» — это встреча национального и мирового музыкального наследия на одной сцене, вдохновляющее событие, дарящее эстетическое наслаждение и духовное возвышение.

Стоимость 2000 - 7000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Филармония им. Рахмадиева

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане