«Халық қаһарманы», композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Нұрғиса» хореографиялық спектаклі өтеді. Спектакльдің басты мақсаты әйгілі композитор, дирижер НұрғисаТілендиевтің өмірі мен шығармашылығын халыққа би тілімен жеткізу. Қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнердің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш бимен өрнектеген Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының өнер ұжымы. Өскелең ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, би өнерін дәріптеуге үндеу мақсатындағы спектакльдің тағылымдық тәрбиесі өте зор.
Ночная экскурсия по столице Казахстана Астане с посещением интереснейших объектов города, где при ночном освещении сможете полюбоваться красотами нашей столицы. …