«Әнмен өрілген ғасыр» — Ғалия Байғазинованың жеке концерті (Сыдық Мұхамеджановтың шығармаларынан). Қазақстандық музыкалық қауымдастық белгілі ұлттық сазгер Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығын атап өтуді жалғастыруда. Танымал әнші, лирикалық колоратуралық сопрано, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова композитор өнеріне тағзым етіп, өз құрметін көрсетеді. Әнші «Әнмен өрілген ғасыр» атты жеке концертін Сыдық Мұхамеджановтың шығармашылығына бас июшілер мен вокалдық өнерді сүйетін барша тыңдарманға арнайды. Қала тұрғындары мен қонақтары Астананың негізі қаланған сәттен бастап оның барлық концерттік алаңында шырқалған әрі бүгінгі таңда да әнсүйер қауымды қуантып келе жатқан Ғалия Байғазинованың әсем лирикалық дауысын жақсы таниды. Концерт бағдарламасында «Айсұлу» және «Ақан сері Ақтоқты» операларынан ариялар мен дуэттер, сондай-ақ Сыдық Мұхамеджановтың Абай Құнанбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұзафар Әлімбаев, Қуандық Шаңғытбаев және т. б. өлеңдеріне жазылған романстары мен әндері шырқалады. Қатысушылар: Салтанат Мұратбекова — меццо-сопрано; Артур Ғабдиев — тенор; Дінмұхамед Көшкінбаев — баритон; Мақпал Тәженова — сопрано; Кенжегүл Мұсаева, ҚР «Мәдениет саласының үздігі». Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этноансамблі, көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек Фортепиано партиясы: Раушан Бескембирова, Айшабибі Асқарова, Шахизада Құлсейітова, Динара Сартай. «Астана Опера» камералық хоры. Бас хормейстер — Ержан Дәуітов. Концертті жүргізуші — Маржан Жәкенов. «Әнмен өрілген ғасыр» — Сольный концерт Галии Байгазиновой (из произведений Сыдыка Мухамеджанова). Казахстанская музыкальная общественность продолжает отмечать 100-летие со дня рождения известного национального композитора Сыдыка Мухамеджанова. Свою дань уважения творчеству композитору преподносит известная певица, лирическое сопрано, Заслуженная артистка Казахстана Галия Байгазинова. Свой сольный концерт «Әнмен өрілген ғасыр» она посвящает всем любителям творчества С. Мухамеджанова и любителям вокального искусства. Жители и гости города знают красивый лирический голос Галии Байгазиновой, который звучал на всех концертных площадках Астаны с её основания и сейчас продолжает радовать поклонников певицы. Как дань большой любви своим преданным слушателям и поклонникам творчества певица дарит вечер вокала. В программе концерта прозвучат арии и дуэты из опер «Айсулу» и «Ақан сері Ақтоқты», а также романсы и песни Сыдыка Мухамеджанова на стихи Абая Кунанбаева, Сакена Сейфуллина, Музафара Алимбаева, Куандыка Шангитбаева и др. Исполнители: Галия Байгазинова — сопрано; Салтанат Муратбекова — меццо-сопрано; Артур Габдиев — тенор; Динмухамед Кошкинбаева — баритон; Макпал Таженова — сопрано. Кенжегуль Мусаева, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Этноансамбль «Қорқыт» государственной академической филармонии им. Е. Рахмадиева, художественный руководитель Шолпан Корганбек. Партия фортепиано: Раушан Бескембирова, Айшабиби Аскарова, Шахизада Кульсеитова, Динара Сартай. Камерный хор «Астана Опера». Главный хормейстер — Ержан Даутов. Ведущая концерта -Маржан Жакенова.