Концерт қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Моцарт музыкасына арналған Mozart Gala концертінде «Астана Опера» театрының опера солистері мен камералық оркестрінің орындауында әйгілі веналық классиктің «Дон Жуан», «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы флейта» және басқа да атақты операларынан ариялар, дуэттер мен фрагменттер шырқалады. Моцарт осы жанрдағы алғашқы шығармасы «Аполлон және Гиацинтты» 10 жасында жазған. Ал неміс тілінде жазылып, ұлттық сюжетті философиялық тереңдікпен бейнелеген «Сиқырлы флейта» операсы оның шығармашылығының шыңына айналды. Моцартқа тән өткір әзіл мен талғампаздыққа толы вена классигінің жарқын әрі жантебірентерлік музыкасы опера сүйер бірде-бір жанды бейжай қалдырмайды. Орындаушылар: «Астана Опера» опера солистері мен камералық оркестрі. Дирижер — Айдар Әбжаханов. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады Концерт проводится на казахском и русском языках. В концерте Mozart Gala в исполнении солистов оперы и Камерного оркестра «Астана Опера» прозвучат арии, дуэты и фрагменты из знаменитых опер великого венского классика: «Дон Жуан», «Свадьба Фигаро», «Волшебная флейта» и других. Своё первое произведение в этом жанре «Аполлон и Гиацинт» Моцарт создал в 10 лет. А венцом его творчества стала опера «Волшебная флейта», написанная на немецком языке и воплотившая национальный сюжет с философской глубиной. Яркая и проникновенная музыка, наполненная присущими Моцарту тонким юмором и изяществом, не оставит равнодушными ценителей оперного искусства. Исполнители: Солисты оперы и Камерный оркестр «Астана Опера». Дирижёр — Айдар Абжаханов. Рекомендованный возраст: 10+ В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.