Мама

Мама
14 мая 2025 19:30
Дворец «Жастар»
Бұл қойылым — уақыттың тәлкегіне ұшыраған аналық мейірім мен есейген баланың жүрекке салмақ салған бейқамдығы жайлы сыр. Бала өскен сайын, өмірдің қарбаласы мен күйбең тіршілігіне сүңгіп, анаға деген ықылас пен назар біртіндеп алыстай береді. Оның ойынша, анасы әрқашан қасында, бәрін түсінетін, бәрін кешіретін мәңгілік пана іспетті. Ал шын мәнінде, ана жүрегі күн өткен сайын үнсіз сыздайды, көңіліне салмақ түсірген сағыныш пен жалғыздық жанын жегідей жейді.
Спектакль көрерменге ананың әр күнін сағынышпен, үмітпен, тосумен өткізетін сәттерін шынайы әрі әсерлі жеткізеді. Әрбір үнсіз түн, әрбір бос орындық — ананың іштей егіліп отырған бейнесін көз алдыңа әкеледі. Ал бала — тым алыс. Жанында емес, жадында да сирек. Телефон шалған сайын ана үміттене құлақ түріп, есік қақса, баласы шығар деп жалтақтайды. Бірақ бәрі сол күйі — үнсіз.
Қойылымның әр көрінісі ананың асыл бейнесін қайта тірілтіп, көрермен жүрегіне ананың көзіндегі жылылық, дауысындағы мейірім — бұл өмірдегі ең үлкен қазына, уақыт озбай тұрып, сол қазынаны бағалау — әр перзенттің парызы деген ой салады.
«Өмірді қысқартатын да, қайғыға батыратын да ол — күту. Ал күтудегі ең қорқыныштысы — нені күтіп отырғаныңды нақты білмеу.»

Стоимость 3000 - 5000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Дворец «Жастар»

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане
Творчество Культура Творческий мастер-класс Образование