Madrigal Marin Constantin ұлттық камералық хорының гастролі (Румыния). «Maдригал: Жібек жолы» хор музыкасының концерті. Концерт қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Румынияның Madrigal Marin Constantin ұлттық камералық хоры гастрольдік туры аясында «Maдригал: Жібек жолы» концертін ұсынады. Бұл Жібек жолы бойымен өзіндік музыкалық саяхат іспетті, сондықтан бағдарламаға қытай, қазақ және грузин тілдеріндегі туындылар; Парсы, Үндістан, сондай-ақ Византия империясы мен Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі Еуропа мәдениетін паш ететін мәтіндер енген. «Maдригал» камералық хорының негізін 1963 жылы әйгілі музыкант әрі дирижер Константин Марин (1925 2011) қалаған. Содан бері ұжымның сахналық ұстанымы мен көркемдік құрылымы үздіксіз жетілдіріліп отырды, бұл сыншыларға оның өнер көрсетуін «Паганинидің қолындағы Страдивари скрипкасымен» салыстыруға мүмкіндік берді. «Maдригал» көптеген халықаралық марапатқа ие болды және әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсетіп, 62 жыл ішінде 4 құрлықтағы 40-қа жуық шет елдің 450-ден астам қаласында концерт берді. Биыл хор өзінің негізін қалаушы Константин Мариннің туғанына 100 жыл толуын атап өтуде: оның құрметіне арналған түрлі мәдени жобалар жыл бойы өткізілмек. «Мадригал» өзінің ерекше дауысымен бірегей ғана емес: көрермендер хор әртістерін 60 жылдан астам уақыт бойы ұжымның айрықша белгісіне айналған көрнекті костюмдері әйгілі Қайта өрлеу дәуірі киімімен көреді. Дирижёр Анна Унгуряну мен режиссёр Эмиль Пантелимон екі бөлімді концерт бағдарламасын ұсынады, ол Қазақстан мен Румынияның Мемлекетік гимндерімен ашылады және Қайта өрлеу дәуірінің композиторлары Орландо ди Лассо, Франческо Ландини, Бальдасаре Донати және басқа да сол кезең авторларының танымал мадригалдары мен мотеттерінен бастап түрлі кезеңдегі грузин, молдова, жапон, румын авторларының хорға арналған туындыларына дейінгі шығармалардың кең ауқымын, сондай-ақ қазақ халық әндерінің өңдеулерін қамтиды. Бағдарлама: Бірінші бөлім; Шәмші Қалдаяқов. «Менің Қазақстаным» (Қазақстанның Мемлекеттік гимні); Антон Панн. Deşteaptă-te, române! («Оян, румын!») (Румынияның Мемлекеттік гимні); Томас Морли. «Қазір мамыр айы»; Фрэнсис Пилкингтон. «Ұйықтаңдар, нәзік нимфалар»; Хуан дель Энсина. Fata la parte; Аноним. «Ay! Linda amiga». Солист Рената Петрикэ; Фредерико де Бриту, Феррер Триндаде, Д. Ж. Феррейра. «Canção do Mar». Григоре Кудальбудың әрлеуі. Солист Денис Максим, перкуссия Эмануэль Печингина; Орландо ди Лассо. Matona mia cara; Франческо Ландини. Ecco la primavera. Перкуссия Эмануэль Печингина және Геогргиан Илие. Бальдасаре Донати. «Гальярда»; Клаудио Монтеверди. Cantate Domino; Византия православиелік канондық емес флорилегий. Константин Марин құрылымдаған (үзінділер): 1. Гавриил Музическу. «Христос воскресе» 2. Иоанн Хрисафи. «Қасиетті Құдай» Солист Богдан Андронаке, перкуссия Эмануэль Печингина. Екінші бөлім: Грузин халық әні Tu ești via. Захарий Палиашвилидің әрлеуі. Корнелиу Чезар. «Жалын және дөңгелектер» (үзінділер). Солистер Денис Максим және Сильвиу Русу; перкуссия Эмануэль Печингина Қазақтың халық әні «Япурай». Абзал Мұхитдин мен Каддели Әубәкірованың әрлеуі Қазақтың халық әні «Әгугәй». Ләззат Жұманованың фортепиано мен хорға ыңғайлауы. Фортепиано Абель Корбан; Қытай халық әні «Аққу қаз». Әрлеу Синь Хугуан. Михай Молдован. Fluieraşe şi buciume; Ёсинао Накада. «Мен кішкентай күзді таптым». Фортепиано Абель Корбан; Ангелина Мирошникова. Қазақ халық әндері тақырыптарына попурри. Орындаушылар: Madrigal камералық хоры (Румыния). Дирижер Анна Унгуряну. Режиссер Эмиль Пантелимон. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз. Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Гастроли Национального камерного хора Madrigal Marin Constantin (Румыния). Концерт хоровой музыки «Maдригал: Шёлковый путь». Концерт проводится на казахском и русском языках. Национальный камерный хор Румынии Madrigal Marin Constantin в рамках гастрольного тура представляет концерт «Madrigal Шёлковый путь». Это своеобразное путешествие по музыке эпохи Ренессанса и современной Европы. Камерный хор Madrigal был основан легендарным музыкантом и дирижёром Константином Марином (1925 2011) в 1963 году. С тех пор сценическая подача и художественная структура коллектива непрерывно совершенствовались, что позволило критикам сравнивать его выступления со «скрипкой Страдивари в руках Паганини». Хор Madrigal удостоен множества международных наград и выступал на самых престижных сценах мира, дав тысячи концертов. «Maдригал» удостоен множества международных наград и выступал на самых престижных сценах мира, дав за 62 года своего существования концерты в более чем 450 городах около 40 зарубежных стран на 4 континентах. В нынешнем году хор отмечает 100-летие со дня рождения своего основателя Константина Марина: многообразные культурные проекты в его честь будут проходить в течение всего года. «Мадригал» уникален не только своим особым звучанием: зрители увидят артистов хора в его знаковых костюмах знаменитом наряде эпохи Возрождения, который является визитной карточкой коллектива на протяжении более 60 лет. Дирижёр Анна Унгуряну и режиссёр Эмиль Пантелимон представляют программу концерта в двух отделениях, которая открывается Государственными гимнами Казахстана и Румынии и включает широкий диапазон произведений от известных мадригалов и мотетов композиторов эпохи Ренессанса Орландо ди Лассо, Франческо Ландини Бальтазара Донати и других авторов того периода до сочинений для хора грузинских, молдавских, японских, румынских авторов разных времён, а также обработки казахских народных песен. В программе: Первое отделение: Шамши Калдаяков. «Мой Казахстан» (Государственный гимн Казахстана); Антон Панн. Deşteaptă-te, române! («Проснись, румын!») (Государственный гимн Румынии); Томас Морли. «Сейчас месяц май»; Фрэнсис Пилкингтон. «Спите, нежные нимфы»; Хуан дель Энсина. Fata la parte; Аноним. Ay! Linda amiga. Солистка Рената Петрикэ; Фредерико де Бриту, Феррер Триндаде, Д. Ж. Феррейра.«Canção do Mar». Аранжировка Григоре Кудальбу. Солист Денис Максим, перкуссия Эмануэль Печингина; Орландо ди Лассо. Matona mia cara; Франческо Ландини. Ecco la primavera. Перкуссия Эмануэль Печингина и Геогргиан Илие; Бальдасаре Донати. «Гальярда»; Клаудио Монтеверди. Cantate Domino; Византийский православный неканонический флорилегий. Структурирован Константином Марином (фрагменты): 1. Гавриил Музическу. «Христос воскресе»; 2. Иоанн Хрисафи. «Святый Боже»; Солист Богдан Андронаке, перкуссия Эмануэль Печингина. Второе отделение: Грузинская народная песня Tu ești via. Аранжировка Захария Палиашвили; Корнелиу Чезар. «Пламя и колёса» (фрагменты). Солисты Денис Максим и Сильвиу Русу; перкуссия Эмануэль Печингина; Казахская народная песня «Япурай». Аранжировка Абзала Мухитдина, Каддели Аубакировой; Казахская народная песня «Агугай». Переложение для фортепиано и хора Ляззат Жумановой. Фортепиано Абель Корбан; Китайская народная песня «Лебединый гусь». Аранжировка Синь Хугуан; Михай Молдован. Fluieraşe şi buciume; Ёсинао Накада. «Я нашёл крохотную осень». Фортепиано Абель Корбан Ангелина Мирошникова. Попурри на темы казахских народных песен. Исполнители: Камерный хор Madrigal (Румыния). Дирижёр — Анна Унгуряну. Режиссёр — Эмиль Пантелимон. Рекомендованный возраст: 10+ В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.
Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын …