Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың қысқа әрі қайсарлыққа толы өмірін бейнелейтін «Мәншүк» музыкалық драма сахналанады. Қойылымның мақсаты есімі аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы жарқын өмірін, Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Туынды тарихи деректерге негізделген.