Республика күніне арналған «Мәңгі ел» мерекелік концертінің бағдарламасы аясында қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен тығыз байланысты ұлттық сахналық бидің баға жетпес байлығы мен сан қырын паш еткен хореографиялық миниатюралар көрермен қауымға тарту етіледі. Әртістердің шеберлігі, хореографтардың асқақ қиялының арқасында сахнада хореографияның ең маңызды әрі әсем жанры, жарқын, алуан түрлі халық биі халық өмірінің өзіндік энциклопедиясы іспетті. Мұнда халқымыздың арман-мүддесі, даналығы мен табандылығы көрініс тапқандай. Көрермен қауым алғаш рет «Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасын тамашалай алады. Қазақ КСР халық әртісі Ахмет Жұбановтың музыкасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған «Бақыт құсы Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасы көктем шуағындай жылулыққа, шексіз нәзіктік пен жарық сәулеге толы. Қазақ мәдениетінде Қарлығаш — бақыт, жайлылық пен көктем символы. Қарлығашқа баланатын бақыт туралы әр бойжеткен іштей армандайтыны анық. Ұзатылған шағында ол да отбасылық дәстүрдің қамқоршысына айналар шаңырақ құру жайлы армандайды. «Қарлығаш» — арман мен бақытқа ұмтылу туралы пластика тілімен баяндалған әпсана. Хореографиялық миниатюраға арналған костюмдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүслім Жұмағалиев ойлап тапты. 5 жастан асқан балаларға жеке билет сатып алу қажет, 5 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады. В программе праздничного концерта «Мәңгi ел», посвящённого Дню Республики, будет представлено созвездие хореографических миниатюр, вобравших в себя бесценное богатство и многогранность национального сценического танца, неразрывным образом связанного с историей и культурой казахского народа. Благодаря мастерству артистов, фантазии хореографов на сцене представлен важнейший и красивейший жанр хореографии яркий, красочный и разнообразный народно-сценический танец, своеобразная энциклопедия жизни народа, отражение его чаяний, мудрости и стойкости. Впервые зрители увидят хореографическую миниатюру «Қарлығаш». Заслуженный деятель Казахстана Айгуль Тати создала хореографическую композицию «Бақыт құсы Қарлығаш», наполненную весенним теплом, бесконечной нежностью и мягким лучистым светом, на музыку народного артиста Казахской ССР Ахмета Жубанова. Қарлығаш в казахской культуре символ счастья, уюта, весны. О счастье, которое символизирует ласточка, мечтает в душе каждая девушка. Покидая родной очаг, она грезит о том, как совьёт своё гнездо, станет хранительницей семейных традиций. «Қарлығаш» это история о мечте и стремлении к счастью, талантливо рассказанная пластическим языком. Костюмы для хореографической миниатюры придумал заслуженный деятель Казахстана Муслим Жумагалиев. Детям от 5 лет необходимо приобрести отдельный билет, до 5 лет детям вход воспрещен.