«Күшік күйеу» комедиясы жастар тақырыбын қозғайтын өміршең шығарма. Өсіп қалған қызы бар кез-келген ата-ананың бала қамын ойлағаннан туындаған күлкілі сахналық шығарма. Спектакльдің тақырыбы, айтар ойы қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды. Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасуы, пайым-түсінігі сынды өзекті қоғамдық мәселелер көрініс тапқан.