Ақын Абай... Ару Тоғжан... Бір-бірін шын ұнатқан қос ғашықтың сезімге толы сырлы да сұлу күйі баяндалатын айтулы драма көрерменіне кемеңгерлігін күллі адамзат мойындаған дана тұлғаның адами дара болмысын паш етеді. «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деп жырлаған ұлы ақын өлеңі «Көзімнің қарасы» қойылымының басты лейтмотивіне айналғандай. Сұлу сезім, әуезді ән, көркем көріністі өн бойына сәтті тоғыстырған лирикалық драма басты Кейіпкерлер мен орындаушылар: мен бірге көрерменін де махаббат әлемінің сөзбен суреттеп жеткізгісіз тамаша шақтарына саяхат шектіреді. Дана тұлғаның өлең мен өнер тудырудағы жан жүрегін селт еткізген сезімдеріне бойлатады.