Театрдың Үлкен залында «Астана Опера» балетінің жетекші солисі, Бордо ұлттық операсының (Франция) шақырылған солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Өнербаеваның шығармашылық кеші өтеді. Мадина Өнербаева сахнаға өзінің басты партияларының кейіпкерлері — Китри және Аврора бейнесінде шығады, сондай-ақ жанкүйерлерін жаңа жұмыстарымен — Р. Петидің «Кармен», В. Цукеттидің Souvenir de Danse балеттерінен фрагменттермен және Сұлтанбек Ғұмар осы кеш үшін арнайы қойған «Кемел адам» хореографиялық нөмірінің премьерасымен қуантады. Мәдина Өнербаева — халықаралық байқаулардың лауреаты, оның ішінде Италиядағы «Рим сыйлығының» лауреаты, «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері. Ол театрдың түгел дерлік репертуарлық балет спектакльдерінде басты партияларды зор табыспен орындайды. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз. Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. В Большом зале театра состоится Творческий вечер ведущей солистки балета «Астана Опера», приглашённой солистки Национальной оперы Бордо (Франция) Заслуженного деятеля Казахстана Мадины Унербаевой. Мадина Унербаева выйдет на сцену в образах героинь её коронных партий — Китри и Авроры, а также порадует своих поклонников новыми работами — фрагментами из балетов «Кармен» Р. Пети, Souvenir de Danse В. Цукетти и премьерой хореографического номера «Кемел адам», который специально для этого вечера поставил Султанбек Гумар. Мадина Унербаева — лауреат международных конкурсов, в том числе «Премия Рима» в Италии, обладатель Гран-при Международного конкурса артистов балета «Байтерек», •лауреат премии Фонда Первого Президента РК, лауреат Национальной театральной премии «Сахнагер-2018» в номинации «Лучшая артистка балета», кавалер орденов «Курмет» и «Парасат». Она с успехом исполняет главные партии практически во всех репертуарных балетных спектаклях театра. Рекомендованный возраст: 10+ В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.
На обзорной экскурсии вы увидите самые главные достопримечательности столицы Казахстана. Мы проедем мимо знаменитых небоскребов Астаны, заедем на Круглую площадь …
Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын …