Kazakh Spirit and Tango Rhythms — («Қазақ рухы мен танго ырғақтары») хор музыкасының концерті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігімен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хор ұжымы елімізде де, одан тыс жерлерде де кең танымалдылыққа ие. Театрдың опералық қойылымдарындағы барлық хор партиясының негізгі орындаушы бола отырып, ұжым көрермен қауымға классикадан бастап заманауи музыкаға дейінгі түрлі жанрдағы шығармаларды ұсынып, концерт берумен белсенді айналысады. 2006 жылдан бері хор беделді халықаралық хор фестивальдері мен байқауларында бірнеше мәрте лауреат атағын иеленіп, өзінің жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеп келеді. Соңғы екі жылда ұжым Польшадағы «Хайнувка-2023» халықаралық фестивалінде елімізді лайықты танытып, қазақ халық әндерін, қазіргі заманғы ұлттық және батыс еуропалық авторлардың туындыларын орындап жүр. Хор «а капелла», яғни аспаптық сүйемелдеусіз өнер көрсетеді, бұл хор ұжымының да, хормейстердің де жоғары орындаушылық мәдениетін талап етеді. Хормейстерлер Дәурен Мусин мен Ержан Сансызбаевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» камералық хоры классикалық хор репертуарының жауһарларын, қазақстандық композиторлардың шығармаларын, сондай-ақ қазіргі заманғы аргентиналық композитор Мартин Пальмеридің «Месса-танго» премьерасын қамтитын мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынады. Бағдарлама: 1-бөлім: Классикалық хор репертуарының жауһарлары және қазақстандық композиторлардың шығармалары 2-бөлім: М. Пальмери. «Месса-танго» (Премьера) Орындаушылар: «Астана Опера» Камералық Хоры Бас Хормейстер Ержан Дәуітов. Хормейстерлер — Дәурен Мусин, Ержан Сансызбаев. Дирекция орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Концерт хоровой музыки — Kazakh Spirit and Tango Rhythms («Казахский дух и ритмы танго»). Хоровой коллектив Государственного театра оперы и балета «Астана Опера» под руководством Заслуженного деятеля Казахстана Ержана Даутова заслужил признание как на родине, так и далеко за её пределами. Являясь основным исполнителем всех хоровых партий в оперных постановках театра, коллектив также активно концертирует, представляя публике произведения различных жанров от классики до современной музыки. С 2006 года хор неоднократно удостаивался званий лауреата на престижных международных хоровых фестивалях и конкурсах, подтверждая свой высокий профессиональный уровень. В последние два года коллектив достойно представляет страну на международном фестивале «Хайнувка-2023» в Польше, исполняя народные казахские песни, сочинения современных национальных и западноевропейских авторов. Хор выступает без инструментального сопровождения «а капелла», что требует высочайшей исполнительской культуры и самого хорового коллектива, и хормейстера. Камерный хор «Астана Опера» под управлением хормейстеров Даурена Мусина и Ержана Сансызбаева представит насыщенную концертную программу, включающую: шедевры классического хорового репертуара, произведения казахстанских композиторов, а также премьеру «Мессы-танго» современного аргентинского композитора Мартина Пальмери. В программе: 1 отделение: Шедевры классического хорового репертуара и произведения казахстанских композиторов. 2 отделение: М. Пальмери. «Месса-танго» (Премьера). Исполнители: Камерный Хор «Астана Опера». Главный Хормейстер Ержан Даутов. Хормейстеры — Даурен Мусин, Ержан Сансызбаев. В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.