Этно ансамблі «Қандаспен жеткен қазына» атты концертін ұсынады. Ұлттық өнер ұлттың жаны, тарихының тұнбасындай құнды мұрасы. Осы құндылықты ұлықтап, қазақ халқының бай мәдениетін дәріптеу мақсатында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен «БОТА» қолғанат орталығы бірлесіп, «Қандаспен жеткен қазына» атты мәдени шараны ұйымдастырады. Бұл шараның басты мақсаты қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау, әсіресе Қобда беті қазақтарының ата жұртқа жеткізген асыл мұрасын таныту. Концерт қазақтың дәстүрлі өнері мен салт-дәстүрлерін, көне әндері мен күйлерін қайта жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа аманат етуді көздейді. Концерт алдында ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында қолөнер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл жәрмеңке қазақ халқының зергерлік өнері мен тұрмыстық бұйымдарын таныстыратын ерекше мәдени алаң болмақ. Концерттік бағдарлама қазақтың ұлттық мұрасын айрықша ұлықтайды. Кеш барысында «Қорқыт» этно ансамблінің сүйемелдеуімен өнерпаздар қазақтың халық әндері мен күйлерін шырқайды. «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек. Шараның мән-маңызын арттыра түсетін тағы бір ерекшелік Монғолия мен Қазақстанның атақты өнерпаздары өздерінің өнерлерін ортаға салады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Аллажар Қайбар, Ерлан Рысқали, Гүлзира Бөкейхан, мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы, Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері Хадыхан Манай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұратбек Хайролда өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, кешке халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ықылас Ожайұлы, Өзгеріс Шерікбай, Бауыржан Мұхаметбайұлы, Алтынгүл Бапарқызы, Көркем Шолошова, Амангелді Райхан, Алтынгүл Мұратқызы, Зәуреш Шаяхметқызы, Аманжол Нығмет, Бақытжан Қуатай және тағы басқа өнерпаздар қатысады. Кештің концерттік бағдарламасына қазақ халқының жүрегінен орын алған «Атамекен», «Самал тау», «Ағажай Алтай», «Керім-ау айдай», «Туған жер», «Дәурен-ай» сынды халық әндері мен күйлері енген. Сондай-ақ, көрермендерге көмеймен айту өнері, сыбызғыда күй орындау секілді сирек кездесетін музыкалық қойылымдар ұсынылады. Бұл кеш қазақ руханиятының жаңа белесі, ұлттық мұраны ұлықтау жолындағы маңызды қадам болмақ. Этноансамбль «Қорқыт» представит концерт под названием «Қандаспен жеткен қазына». Национальное искусство это душа народа, его ценнейшее историческое наследие. В целях сохранения и пропаганды этих ценностей, а также для представления богатого культурного наследия казахского народа, Государственная академическая филармония имени Е. Рахмадиева совместно с центром поддержки «БОТА» организует культурное мероприятие «Қандаспен жеткен қазына». Основная цель данного события популяризация национальных ценностей казахского народа, в особенности, сохранённых казахами, переселившимися с территории Обда, и передача их культурного наследия. Концерт направлен на восстановление и сохранение казахского традиционного искусства, обычаев, а также старинных песен и мелодий для будущих поколений. Перед концертом выставка-ярмарка народных промыслов, целью которой является популяризация казахского декоративно-прикладного искусства и представление традиционных предметов быта. Это станет уникальной культурной площадкой для знакомства с казахской ювелирной работой и ремёслами. Концертная программа особо прославляет казахское национальное наследие. В течение вечера артисты исполнят казахские народные песни и напевы в сопровождении этнического ансамбля «Коркыт». Художественный руководитель этноансамбля «Коркыт», деятель культуры Шолпан Корганбек. Особенностью мероприятия станет участие выдающихся деятелей культуры Монголии и Казахстана, которые представят свои произведения. Среди участников заслуженные деятели Казахстана: Аллажар Қайбар, Ерлан Рысқали, Гүлзира Бөкейхан, культурный деятель Меруеш Башайқызы, заслуженный деятель культуры Монголии Хадыхан Манай, лауреат государственной молодёжной премии «Дарын» Мұратбек Хайролда. Кроме того, в концерте примут участие лауреаты международных и республиканских конкурсов: Ықылас Ожайұлы, Өзгеріс Шерікбай, Бауыржан Мұхаметбайұлы, Алтынгүл Бапарқызы, Көркем Шолошова, Амангелді Райхан, Алтынгүл Мұратқызы, Зәуреш Шаяхметқызы, Аманжол Нығмет, Бақытжан Қуатай и другие исполнители.