«Музыкалық альянс» топтамасы И. С. Бах сонаталары мен партиталары (Композитордың 340 жылдығына арналады). Үшінші концерт. Концерт қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Музыка әлемі 2025 жылы музыка тарихын өзгерткен композитор Иоганн Себастьян Бахтың 340 жылдығын атап өтуде. «Астана Опера» театры халықаралық іс-шараларға қосылып, мерейтойға орай «Музыкалық альянс» топтамасынан неміс бароккосы кемеңгерінің мәңгі өшпес туындылары шырқалатын концерт арнамақ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен оның музыкант әріптестері «Музыкалық альянс» жобасының концертіне шақырады. Кеш бағдарламасында — қазақстандық әртістердің орындауында И. С. Бахтың сонаталары мен партиталары, скрипка өнерінің жауһарлары. Бұл концерт ұлы композитордың 340 жылдығына арналған топтаманы жалғастырып, музыканттардың асқан шеберлігін паш етеді. Классика сүйер барша қауымды ХХІ ғасырда да танымалдылығын жоғалтпай, мәңгілік туралы, мәңгі құндылықтар туралы ойға жетелейтін музыканы сүйсіне тыңдауға шақырамыз... Орындаушылар: И. С. Бах. Соло скрипкаға арналған сонаталар мен партиталар: Әнел Шәкірова; Ақмарал Жанғазина; Мадина Капеу; Еркебұлан Сапарбаев; Әсел Жақиянова; Бағдат Әбілханов. Ұзақтығы: 1 сағат 45 минут. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз. Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Цикл «Музыкальный альянс» Иоганн Себастьян Бах. Сонаты и партиты (340-летию композитора посвящается). Концерт третий. Концерт проводится на казахском и русском языках. В 2025 году музыкальный мир отмечает 340-летие Иоганна Себастьяна Баха — композитора, изменившего историю музыки. Театр «Астана Опера» присоединяется к международным торжествам специальным концертом из цикла «Музыкальный альянс», где прозвучат бессмертные творения немецкого гения. Заслуженный деятель Казахстана Багдат Абильханов и его коллеги-музыканты приглашают на концерт проекта «Музыкальный альянс». В программе вечера — сонаты и партиты И. С. Баха, шедевры скрипичного искусства, в исполнении казахстанских артистов. Этот концерт продолжает цикл, посвящённый 340-летию великого композитора, и демонстрирует высочайший уровень мастерства музыкантов. Приглашаем всех любителей классики насладиться музыкой, которая в ХХІ веке продолжает оставаться популярной и даёт нам повод задуматься о вечности и вечных ценностях... Исполнители: И. С. Бах. Сонаты и партиты для скрипки соло: Анель Шакирова; Акмарал Жангазина; Мадина Капеу; Еркебулан Сапарбаев; Асель Жакиянова; Багдат Абильханов. Продолжительность: 1 час 45 минут. Просим обратить внимание, что возрастное ограничение составляет 10+. Дирекция оставляет за собой право замены исполнителей и исполняемых произведений.