Күн батып келеді. Салқын жел еседі. Ашық аспан астындағы классикалық әуендер — бәрі кино кадрларындай әсерлі. Grand Fest фестивалі жобасы аясында Есілдің сол жағалауын алтын шуаққа бөлеген сәтте Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «Классикалық өнер» бөлімінің солистері көрермендерге қазақ және әлем классикасының озық туындыларын тарту етеді. Бағдарлама шабыт пен әсемдікке толы ерекше атмосфераға жетелейді: Концерт симфониялық оркестрге арналған кең тынысты, көркем де әсерлі шығармалармен ашылады. Кеш барысында көрермендерді ұлттық симфониялық поэмадан бастап нәзік еуропалық классикаға дейінгі музыкалық саяхат күтіп тұр. Жеңіл вальстер мен көктем лебін жеткізетін музыкалық ырғақтар көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Романтикаға толы танго, көңілді полькалар мен жарқын увертюралар шынайы сезімге бөлейді. Лирикалық әсер қалдыратын скрипкалық миниатюралар жүрек тербейді. Концерттің екінші бөлімінде ұлттық болмыс пен классикалық дәстүрді ұштастырған вокалдық туындылар орындалады: Қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халықтың лирикалық әндері; Қазақ композиторларының әндері мен романстары, әлемдік опера және оперетталардан танымал ариялар мен үзінділер, аңызға айналған махаббат балладалары; Финалда патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арқау еткен заманауи әндер орындалады. Grand Fest — жаздың көркін аша түсетін, қаланың күйбең тіршілігінен бір сәтке алшақтап, көңілге жылулық пен қуаныш сыйлайтын ерекше шара! Тамаша кешті өткізіп алмаңыз! Закат. Прохладный ветер. Классика под открытым небом. Всё — как в кино. Когда закатное солнце окутывает Есиль золотым светом в рамках фестиваля Grand Fest Казахский государственный симфонический оркестр и солисты отдела «Классического искусства» Қазақконцерта представят концерт, где прозвучат шедевры мировой и казахстанской классики. Программа погружает в атмосферу вдохновения и красоты: Концерт откроется сочинениями для симфонического оркестра — масштабными, выразительными, полными красок. Зрителей ждёт музыкальный путь от национальной симфонической поэмы до утончённой европейской классики; Лёгкие и радостные вальсы, весенние ритмы, наполненные светом и настроением; Игривые полки и блестящие увертюры, романтичное танго; Трогательная скрипичная миниатюра, пробуждающая чувства и погружающая в лирическое настроение. Во второй части концерта прозвучат вокальные произведения, объединяющие классику и национальную душу: Арии и дуэты из казахских опер, народные лирические песни; Песни и романсы казахстанских композиторов, знаменитые арии и фрагменты из мировых опер и оперетт, легендарные баллады о любви; Завершением концерта станут современные песни о Родине, наполненные патриотизмом и вдохновением. Не пропустите самое уникальное и яркое событие этого лета! Grand Fest — возможность остановиться среди городской суеты и прочувствовать лето во всех её красках!