Музыкалық фестиваль өз жалғасын табуда! Таза ауа мен ашық аспан астындағы музыка — одан асқан не бар? Амфитеатр сахнасында сіздерді аңызға айналған «GULDER» ансамблі және теңдесі жоқ Saz & Soul тобымен кездесу күтеді! Saz & Soul тобы — елдің үздік әртістерімен бірге жұмыс істеп, АҚШ тәрізді халықаралық сахналарды да бағындырған заманауи өнер ұжымы. Олардың өзіндік ерекшелігі — қазақ музыкасын заманауи әуенмен үйлестіре отырып, тыңдаушыны баурап алатын ерекше атмосфера қалыптастыруында. Шығармашылық ұжымның Қазақстандағы ірі тележобалардағы жарқын өнері көрермендердің зор қошеметі мен ықыласына ие болуда. Gulder ансамблі қазақ сахна өнерінің нағыз символы. Елу жылдан астам тарихы бар өнер ұжымы орындаушылық шеберлік пен ұлттық мәдениеттің үлгісіне айналды. Кеш барысында халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған ансамбль өз бағдарламасында отандық хореографтардың композицияларын ұсынады. Концерт бағдарламасында әлемдік танымал хиттер мен қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалады. Сонымен қатар ұлттық нақыш пен заманауи әуенге толы авторлық вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар көрсетіледі. Іс-шараға қатысатындар: Гүлсім Мырзабекова, Алибек Альмадиев, Әділхан Макин, Дидар Әбдіхалық, Қуандық Шалқар, Ақбөпе Алибекова, Анна Уварова. Вокал мен аспаптық әуен үйлесім тауып, біртұтас гармонияға айналатын мәдени синергияның ғажайып атмосферасына еніңіз! Жаздың басты фестивалін өткізіп алмаңыз! Самое яркое событие этого лета продолжается! Свежий воздух и музыка под открытым небом — что может быть лучше? На сцене амфитеатра вас ждёт встреча с легендарным ансамблем Gulder и уникальной группой Saz & Soul! Saz & Soul — современный коллектив, который уже успел покорить не только казахстанскую сцену, но и зарубежные площадки, включая США. Их уникальный стиль — это сочетание казахской музыки с актуальным звучанием, которое создаёт неповторимую атмосферу. А выступления коллектива на крупнейших телепроектах Казахстана неизменно вызывают восторг и аплодисменты. Ансамбль Gulder — настоящий символ казахского сценического искусства. За более чем полувековую историю они стали эталоном исполнительского мастерства и национальной культуры. В этот вечер артисты, отмеченные наградами международных конкурсов, представят яркие хореографические постановки отечественных хореографов. В программе концерта прозвучат известные зарубежные хиты и произведения казахстанских композиторов, а также авторские вокальные, инструментальные и хореографические номера, наполненные национальным колоритом и современным звучанием. В концерте примут участие: Гулсим Мырзабекова, Алибек Альмадиев, Адильхан Макин, Дидар Абдухалық, Қуандық Шалқарұлы, Ақбөпе Алибекова и Анна Уварова. Погрузитесь в атмосферу культурной синергии, где вокал и инструментальное сопровождение сливаются в единое гармоничное звучание! Не пропустите главный летний фестиваль!