Концерт залында «Шалқыма» халық би ансамблі «Достық жолы» атты концерті өтеді. Кештің мақсаты қазақ би өнерінің көркем болмысын таныту, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды насихаттау. Бағдарламада дәстүрлі және заманауи қойылымдар үндестік тауып, әр елдің ұлттық би пластикасы сахна төрінде тоғысады. Концерт барысында «Інжу маржан», «Керім ай», «Қосалқа», «Бала Ертіс», «Келіншек», «Япурай» сынды қазақ хореографиясының таңдаулы туындыларымен қатар, Башқұрт, Тәжік, Қалмақ, Монғол, Қырғыз, Татар, Ұйғыр билері орындалады. Сахналық қойылымдарды ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет үздіктері мен шетелдік хореографтар дайындады. Әрбір би арқылы әр халықтың болмысы, мінезі мен өмір салты көркем өрнекпен жеткізіледі. Кешке «Шалқыма» халық би ансамблімен бірге «Құрмет» орденінің иегері Нұрай Танабаев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы жанындағы «Сарыарқа» халық музыка ансамблі қатысады. Би мен музыка үндестігі көрерменге эстетикалық әсер сыйлайды. Концерт народного танцевального ансамбля «Шалқыма» под названием «Достық жолы». Цель мероприятия — продемонстрировать художественную сущность казахского танцевального искусства и укрепить культурные связи между народами. В программе гармонично сочетаются традиционные и современные постановки, в которых на одной сцене пересекаются элементы национальной пластики разных стран. Зрителям будут представлены выдающиеся образцы казахской хореографии: «Інжу маржан», «Керім ай», «Қосалқа», «Бала Ертіс», «Келіншек», «Япурай», а также танцы башкирского, таджикского, калмыцкого, монгольского, кыргызского, татарского и уйгурского народов. Сценические постановки подготовлены заслуженными деятелями Республики Казахстан, обладателями почётных званий в области культуры и зарубежными хореографами. Через каждое выступление передаётся характер, ментальность и уклад жизни представленного народа. В концерте также примут участие кавалер ордена «Құрмет» Нұрай Танабаев, Заслуженный деятель Республики Казахстан Бахтияр Адамжан и ансамбль народной музыки «Сарыарқа» при Государственной академической филармонии имени Еркегали Рахмадиева. Слияние танца и живой музыки подарит зрителям эстетическое наслаждение.