Әр туындысы әлемге әйгілі болған Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн...» романы тағдырдың тарамыс айыр жолдарын суреттеген ғасырлық туынды. Бір бойына Боранды бекет, Сарыөзек, ел іші, Жер планетасы сынды бірнеше ауқымды кеңістікті сыйдырып тұрған шығарманың айтары мол. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің кескіні қалыптасқан. Бұл жолы кезекті премьерамызда сіздерге ұсынғалы отырған «Боранды бекет» қойылымында Қазанғаптың ақтық аманаты орналады ма? Ғасырға татыған бір күн ішінде аса жауапты сапардың нәтижесі қалай болмақ? Құрметті көрермен өзіңізді театрда күтеміз, бірге куә болайық.