Қанша уақыт өтсе де ескірмейтін есті әндер болады. Бір естігеннен жадыңда жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халық жүрегінен берік орын алған әуендер. «Арман жылдар» концерті — дәл сол сағындырған әндерді бірге шырқап, көрерменге ерекше әсер сыйлайтын музыкалық кеш болмақ. Концерттің ерекшеліктері: Қазақ эстрадасының алтын қоры: халқымыздың рухани мұрасына айналып, мәдени жадында мәңгі сақталған жауһар әндер; Аты аңызға айналған сазгерлердің туындылары. Концертте Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Теміржан Базарбаев, Қуат Шілдебаев сынды қазақ музыка өнерінің дара тұлғаларының шығармалары шырқалады; Әр көрерменге жақын тақырыптар: махаббат, туған жер, сағыныш, ананың аялы алақаны, жастық шақ, асқақ арман, шынайы сезім көрініс тапқан әуендер; Жанды музыка: концерттік бағдарламадағы әндер SAZ&SOUL тобының сүйемелдеуімен орындалады; Таныс әндердің жаңа тынысы: бәрімізге таныс әйгілі ретро әндер заманауи өңдеумен, жаңа интерпретацияда шырқалып, тың серпінмен көрерменге жол тартады. Кешке Қазақконцерттің эстрадалық өнер бөлімінің солистері қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамасұлы, Гүлсім Мырзабекова «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сұлтан Ахмет, Дидар Әбдухалық, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Ербол Тәжібаев, Жанна Сандыбаева, Анна Уварова Әсем ән мен әуезді әуен, шабыт пен шынайы өнер үйлесім тапқан «Арман жылдар» кешінде сізді күтеміз. Қапы қалмаңыз! Есть песни, время над которыми не властно. Они узнаются с первых нот, переходят из поколения в поколение и становятся частью народной памяти. Концерт «Арман жылдар» — это программа, составленная из тех самых мелодий, к которым хочется возвращаться снова и снова. В программе: Золотой фонд казахской эстрады: песни, ставшие неотъемлемой частью культурной памяти народа. Это произведения, на которых выросло не одно поколение и до сих пор находят отклик в сердцах слушателей; Шедевры легендарных композиторов: прозвучат произведения великих композиторов, таких как Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Теміржан Базарбаев, Қуат Шілдебаев; Темы, близкие каждому: любовь, родная земля, светлые воспоминания, материнская забота, юность и мечты — каждая песня наполнена искренним чувством и душевной теплотой; Живое музыкальное сопровождение: композиции будут исполнены вживую под аккомпанемент группы SAZ&SOUL; Любимые ретро-хиты зазвучат по-новому: современные аранжировки, оригинальные интерпретации и живое исполнение. Исполнители: Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамасұлы и Гүлсім Мырзабекова, Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева, Алибек Альмадиев, Сұлтан Ахмет, Дидар Абдухалык, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Ербол Тажибаев, Жанна Сандыбаева, Анна Уварова. Приглашаем вас провести этот вечер вместе с нами — в атмосфере музыки, ностальгии и вдохновения. Не пропустите!