"Арлезианка«(L’Arlésienne) — бір актілі балет Жорж Бизенің музыкасы (№ 1 және № 2 Сюиталар). Альфонс Доденің аттас драмасы негізіндегі либретто. Ролан Петидің хореографиясы. «Арлезианка» француздық діни балеті — арманшыл жігіт, фермер әйелдің ұлы Фредеридің Арль қаласындағы (оқиға Францияның оңтүстігінде, Прованста өрбиді) «өткен өмірі күмәнді» әйелге деген сұрапыл құштарлығын баяндайтын драма. Қарапайым шаруа қызы Виветтаның махаббаты оны қатерлі құмарлықтан арылта алмайды. Арлезианканың өзі сахнада көрінбейді: ол — жұмбақ, көзге көрінбейтін, бірақ іс-әрекетті айналасына шоғырландырған тартылыс орталығы. Драмада фермердің күнделікті тірлігінің көрінісі бейнеленіп, декорациялар Ван Гогтың арльдік пейзаждарын елестетеді. Хореографияда халық биінің рухы тұнған. Техникалық төзімділік пен мықты темпераментті талап ететін құштарлыққа толы ер адам монологы көпшілік қатысатын сахналардан кем әсер етпейді. Бастапқыда 26 аспаптан тұратын оркестрге арнап жазылған партитура ықшамдылығы мен әсерлігі жағынан таңғалдырады — ол жарық пен оптимизмге толы, жеке қайғы-қасіретке қарамастан жеңіске бастайтын өмірге деген құштарлыққа ие. «Арлезианка» ең сәтті заманауи балет қойылымдарының бірі ретінде танылып, әлемдік театрлардың сахналарында орасан зор табыспен өтуде. «Бозбала және Өлім» — бір актілі балет И. Бахтың музыкасы (Пассакалия және фуга до минор BW582). Либретто авторы — Жан Кокто. Хореография авторы — Ролан Пети. Әрлеу және оркестрге түсіру — Отторино Респиги. Премьерасы 1946 жылғы 25 маусымда Елисей алаңдары театрының сахнасында өтті. Хореографқа спектакль жасауға алғаш серпін берген Ролан Пети құрған «Елисей алаңдары балетінің» директоры Борис Кохно еді, ол дарынды биші Жан Бабилеге арнап бір актілі балет қоюды және либреттосын Жан Коктоға жаздыруды ұсынды. Белгілі ақын, драматург, романшы, суретші, киносценарист әрі кинорежиссер Кокто әп-сәтте сюжетін ойлап шығарып, Петиге кейіпкерлердің болашақ пластикалық сипаттамаларының белгілерін көрсетті. Балетті музыкалық және декорациялық безендіру идеясы да соған тиесілі. Сюжеті қарапайым. Ғашықтық азабын шеккен кедей жас суретші сүйіктісінің келуін күтіп, сағатқа қарап қобалжи түседі, бірақ қыз келмейді. Ал Бозбаланың алдына келген кезде ол қыз кейпіндегі сұлбаның Өлім екенін түсінбейді. Тақырыптың экзистенциализмі соғыстан кейінгі Париж атмосферасына тән. Кейіпкер еңсесін езген жалғыздықтан құтылуға тырысады. Тек Өлім ғана оны жексұрын ақиқаттан өзге әлемге алып шығады. «Кармен» — 5 көріністі бір актілі балет Томи Дессер оркестрге лайықтаған Жорж Бизенің музыкасы. Ролан Петидің хореографиясы мен либреттосы. Проспер Мерименің аттас новелласы негізінде. Премьерасы «Париж балетінің» Ұлыбританияға гастролі кезінде 1949 жылғы 21 ақпанда лондондық Принц-театрда өтті. Атауына қарамастан, Ролан Петидің балеті Хозе жайында. Онда хореограф әйел сұлулығының жойқын табиғаты мен шынайы құштарлықтан ажырамас өлім тақырыбын өзінше өрбіткен. Қысқа бес көріністен тұратын спектакль (темекі фабрикасының қабырғасы жанындағы көше, таверна, Карменнің бөлмесі, контрабандашылар, аренаның артқы аулалары) қатігез, арсыз, мысқылшыл әрі азғын ортада сезімі тапталған соңғы романтик туралы баяндайды. Ал Кармен — оның кейіптеуі: әдепсіз әрі еліктіргіш, бетпақ та талғампаз, ұятсыз әрі жеңілтек... Хозе — сарбаз да, контрабандашы да емес. Ол Карменді өлтіру арқылы қорланған махаббаты үшін ессіз құмарлықпен күресті және арсыздықты жазалады. Балет жанры — трагедия. Бұл Антони Клавенің керемет декорацияларында айқын байқалады. Хореография классикалық балеттің, испан стиліндегі қимылдардың, пантомиманың және әдеттегідей Петиге тән тұрмыстық пластиканың тамаша үйлесімі болып табылады. «Кармен» балетінің премьерасы өте сәтті өтті. Спектакльдер төрт ай бойы Лондонда, екі ай Парижде және үш ай АҚШ-та үзіліссіз қойылды. Пети балетті Копенгагенде (1960), Гамбургте (1967), Гетеборгте (1969), Марсельде (1974 жылдан бастап репертуарында), Нью-Йоркте (1981), Лондонда (1986) және т. б. қойды. 1998 жылғы маусым айында Мариинский театрындағы премьерада бұған дейін Марсельде Кармен партиясын орындаған Алтынай Асылмұратова мен Ислом Баймурадов биледі. Өзінің алғашқы 50 жылында Р. Петидің «Кармен» қойылымы әлем бойынша 5000-нан астам рет орындалып, Бизе операсына негізделген балеттердің ішіндегі ең жиі орындалатыны болып саналады. «Астана Опера» театрының балет әртістері, симфониялық оркестрі. Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз. Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. «Арлезианка» (L’Arlésienne) — одноактный балет на музыку Жоржа Бизе (Сюиты № 1 и № 2). Либретто на основе одноимённой драмы Альфонса Доде. Хореография Ролана Пети. Культовый французский балет «Арлезианка» — драма, повествующая о гибельной страсти мечтательного юноши, сына фермерши, Фредери к женщине «с сомнительным прошлым» из города Арля (действие присходит на юге Франции, в Провансе). Любовь простой крестьянской девушки Виветты не может излечить его от роковой страсти. Сама арлезианка на сцене не появляется: она — тот таинственный, невидимый, но притягательный центр, вокруг которого сконцентрировано действие. Драму сопровождают картины фермерского быта, декорации воспроизводят арльские пейзажи Ван Гога. Хореография проникнута духом народного танца. Страстный мужской монолог, требующий технической выносливости и мощного темперамента, производит не меньшее впечатление, чем массовые сцены. Партитура, изначально написанная для оркестра из 26 инструментов, удивительна по лаконизму и эффектности — она пронизана светом и оптимизмом, полна страстной силы жизни, которая торжествует, несмотря на личные трагедии. «Арлезианка» признана как одна из самых успешных современных балетных постановок и с огромным успехом идёт на сценах мировых театров. «Юноша и Смерть» — одноактный балет в 2-х картинах на музыку И. Баха (Пассакалия и фуга до минор BW582). Идея и либретто Жана Кокто. Хореография-Ролана Пети. Аранжировка и оркестровка — Отторино Респиги. Премьера прошла 25 июня 1946 года на сцене Театра Елисейских Полей. Первоначальный толчок к созданию спектакля хореографу дал директор созданного Роланом Пети «Балета Елисейских полей» Борис Кохно, предложивший поставить одноактный балет на талантливого танцовщика Жана Бабиле, и подсказал обратиться за либретто к Жану Кокто. Известный поэт, драматург, романист, художник, киносценарист и кинорежиссёр Кокто сходу сымпровизировал сюжет, а также показал Пети намётки будущей пластической характеристики героев. Ему же принадлежала идея музыкального и декорационного оформления балета. Сюжет прост. Бедный молодой художник, испытывающий любовные терзания, ждёт прихода возлюбленной, нервно поглядывая на часы, но девушка не приходит. И когда она появляется, Юноша не понимает, что в её облике за ним пришла Смерть. Экзистенциализм темы был характерен для атмосферы послевоенного Парижа. Герой тщетно пытается вырваться из гнетущего его одиночества. Только Смерть выводит его из постылой реальности в иные измерения. «Кармен»- одноактный балет в 5 картинах на музыку Жоржа Бизе в оркестровке Томи Дессера. Хореография и либретто Ролана Пети.(на основе одноимённой новеллы Проспера Мериме). Премьера прошла 21 февраля 1949 года в лондонском Принц-театре во время гастролей «Балета Парижа» в Великобритании. Вопреки названию балет Ролана Пети — о Хозе. В нём хореограф по-своему развил тему губительной природы женской красоты и смерти, неразлучной с истинной страстью. Спектакль, состоящий из пять коротких сцен (улица у стен табачной фабрики, таверна, комната Кармен, контрабандисты, задворки арены), рассказывает о последнем романтике, растоптанном жестокой, циничной, насмешливой и аморальной средой. А Кармен — её персонификация: вульгарная и обольстительная, наглая и требовательная, эротичная и легкомысленная... Хозе — не солдат и не контрабандист. Обмороченный страстью он боролся за поруганную любовь и карал порок, убивая Кармен. Жанр балета — трагедия. Это подчёркнуто в замечательных декорациях Антони Клаве. Хореография представляет собой поразительное сочетание классического балета, движений в испанском стиле, пантомимы и, как всегда у Пети, бытовой пластики. Успех премьеры «Кармен» был грандиозным. Без перерыва спектакли шли четыре месяца в Лондоне, два — в Париже и три — в США. Пети ставил балет в Копенгагене (I960), Гамбурге (1967), Гётеборге (1969), Марселе (в репертуаре с 1974), Нью-Йорке (1981), Лондоне (1986)... В июне 1998 года в Мариинском театре премьеру танцевали Алтынай Асылмуратова, ранее исполнявшая партию Кармен в Марселе, и Ислом Баймурадов. За первые 50 лет своего существования «Кармен» Р. Пети была исполнена более 5000 раз по всему миру и считается самым часто исполняемым из балетов, основанных на опере Бизе. Артисты балета и симфонический оркестр театра «Астана Опера». Рекомендованный возраст: 10+ В состав исполнителей могут быть внесены изменения без дополнительного уведомления.