«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы ел тарихының ең ауыр әрі ең асқақ кезеңдерінің бірі Ұлы Отан соғысы тұсындағы ерліктің, ар-намыстың, отаншылдықтың көркем шежіресі. Бұл туындыда ұлы қолбасшы, хас батыр Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, адамдық пен әділеттіліктің биік мұраты көркем тілмен, сахналық шешіммен бейнеленген.