Концерт қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Гала-опера бұл жай концерт емес, бұл опера өнерінің ғаламат мерекесі. Сіз әлемдік опера сахнасының жұлдызы Альбина Шагимуратова мен оның дарынды достарының дауысы арқылы бельканто дәстүрінің жандануына куә боласыз. Альбина Шагимуратова Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының халық әртісі, Ғабдолла Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде П. И. Чайковский атындағы XIII халықаралық байқаудың I сыйлық лауреаты және алтын медалі иегері (Мәскеу, 2007). Ол Метрополитен-опера, Ковент-гарден, Ла Скала, Вена мемлекеттік операсы, Бавария мемлекеттік операсы, Берлиндегі Неміс операсы, Сан-Франциско операсы, Ресейдің Үлкен театры және басқа да еуропалық әрі америкалық ірі опера театрлары мен концерттік залдарының сахналарында табысты өнер көрсетті. Зальцбург, Глайндборн, Эдинбург, «Би-би-си Промс» сынды беделді халықаралық фестивальдерде шақырылған солист ретінде өнерін паш етті. Концерт бағдарламасында Альбина Шагимуратова шақырған әртістердің, сондай-ақ «Астана Опера» театрының солистері мен симфониялық оркестрінің орындауында орыс және батыс еуропалық композиторлардың операларынан көріністер, ариялар мен дуэттер бар. Дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров. Барша өнерсүйер қауымды ұмытылмас әсерге бөленуге шақырамыз! Орындаушылар: Альбина Шагимуратова — сопрано. «Астана Опера» симфониялық оркестрі. Дирижер Ерболат Ахмедьяров. Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. Концерт проводится на казахском и русском языках. Гала-опера не просто концерт, а большой праздник оперного искусства. Вы услышите, как традиции бельканто оживают в голосе звёзды мировой оперной сцены Альбины Шагимуратовой и её талантливых друзей. Альбина Шагимуратова Заслуженная артистка России, Народная артистка Республики Татарстан, лауреат Государственной премии Республики Татарстан им. Габдуллы Тукая, лауреат международных конкурсов, в том числе I премии и золотой медали XIII Международного конкурса им. П. И. Чайковского (Москва, 2007). Она имела успех на сценах Метрополитен-оперы, Ковент-гардена, Ла Скала, Венской государственной оперы, Баварской государственной оперы, Немецкой оперы в Берлине, Оперы Сан-Франциско, Большого театра России и других крупнейших европейских и американских оперных театров и концертных залов. Выступала в качестве приглашённой солистки на таких престижных международных фестивалях, как Зальцбургский, Глайндборнский, Эдинбургский, фестиваль «Би-би-си Промс». В программе концерта сцены, арии, дуэты из опер русских и западноевропейских композиторов в исполнении артистов, приглашённых Альбиной Шагимуратовой, а также солистов и симфонического оркестра театра «Астана Опера». Дирижёр Ерболат Ахмедьяров, Заслуженный деятель Казахстана. Мы приглашаем всех ценителей высокого искусства за незабываемыми впечатлениями! Исполнители: Альбина Шагимуратова — сопрано. Симфонический оркестр «Астана Опера». Дирижёр — Ерболат Ахмедьяров. Дирекция оставляет за собой право замены исполнителей и исполняемых произведений.