BIZ шығармашылық бірлестігі ұсынатын қиялға толы «Аладдин туралы шытырман оқиға » жасөспірімдер мен оқушылардың жарқын өнері тоғысқан музыкалық қойылым! Сахнада ертегідегі сиқыр, саз және шынайы эмоциялар өзара үйлесіп, көрерменді таңғажайып әлемге жетелейді. Басты кейіпкерлерді сомдайтын хедлайнерлер Ардақ Қасымхан мен Анэль Төлегенова көрерменге жаңа тыныс, жаңа көңіл күй сыйлайды. Күніне 4 рет көрсетілетін бұл музыкалық шоу балаға да, ересекке де ұмытылмас әсер қалдыратын отбасылық мереке. Ертегі әлеміне жолдама алып, Аладдинмен бірге сиқырлы саяхатқа аттаныңыз! Режиссер: Нұрсерік Ормолдаев