«Халық әні» бөлімінің әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты Зинат Қасымованың «Ақ кербез» атты жеке концертін ұсынады. Қазақтың дәстүрлі ән өнері ғасырлар бойы халықтың жүрегінен шыққан сырлы саз, өлмес мұра. Бұл өнердің дамуына үлес қосып жүрген жас таланттардың бірі Зинат Қасымова. Зинат Қуандыққызы Қасымова дәстүрлі ән өнерінің жас дарындарының бірі. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген. 2016 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің музыкалық факультетін тәмамдап, Қазақ ұлттық өнер университетінде магистратураны «дәстүрлі ән салу» мамандығы бойынша аяқтады. 2017 жылдан бері Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында қызмет атқарып келеді. Ол бірнеше республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, оның ішінде: 2017 жылы Мұхит Мералыұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауының III орын лауреаты; 2018 жылы Қаламқас Орашева атындағы «Көмейінде күміс жыр» республикалық әнші-термешілер байқауында Көшерғали Макаров атындағы арнайы жүлде иегері. Әуезді кеш барысында халқымыздың бай музыкалық мұрасынан сыр шертетін дәстүрлі ән өнерінің жауһарлары шырқалады. Сонымен қатар, Ақан сері, Біржан сал, Мұхит, Дәулеткерей, Ғарифолла Құрманғалиев сынды өнер саңлақтарының өлмес туындылары көрерменге тарту етіліп, қазақтың классикалық әндерінің інжу-маржандары орындалады. Концертте «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Қорқыт» этно ансамблі де өз өнерлерін ортаға салады. «Шалқыма» би ұжымы қазақтың ұлттық би өнерінің көркемдігін паш етсе, «Қорқыт» ансамблі дәстүрлі музыка мен этникалық әуендерді үйлестіре отырып, кештің көркемдік деңгейін арттыра түседі. Бұл қос ұжымның өнері концерттік бағдарламаны әрлендіріп, ұлттық мұрамыздың тереңдігін сезінуге мүмкіндік береді. Кеш қонақтары қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, сондай-ақ республикалық байқаулардың лауреаттары Өзгеріс Шерікбай, Айдос Оңғарбай, Алуа Қалымбекова және Нұржан Мейірхан бар. Олардың өнері кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлайды. Бұл кеш тек өнер сүйер қауым үшін ғана емес, ұлттық мұраға қызығушылығы бар әрбір адам үшін ерекше рухани азық болмақ. Сольный концерт лауреата республиканских конкурсов, певицы отдела «Народная песня» Зинат Касымовой под названием «Ақ кербез». Казахское традиционное песенное искусство это самобытное культурное наследие, передающееся из поколения в поколение, живой свидетель духовного мира народа. В числе молодых исполнителей, вносящих свой вклад в развитие этого искусства, особое место занимает Зинат Касымова. Зинат Куандыковна Касымова одна из ярких представительниц традиционного вокального искусства. Она родилась в Акжайыкском районе Западно-Казахстанской области. В 2016 году окончила музыкальный факультет Западно-Казахстанского университета имени М. Утемисова, затем завершила магистратуру по специальности «традиционное пение» в Казахском национальном университете искусств. С 2017 года работает в Государственной академической филармонии имени Еркегали Рахмадиева акимата города Астаны. Зинат Касымова лауреат нескольких республиканских и международных конкурсов, среди которых: III место на Республиканском конкурсе традиционных певцов имени Мухита Мералыулы (2017 г.); Специальный приз имени Кошергали Макарова на Республиканском конкурсе певцов-термеши «Көмейінде күміс жыр» имени Каламкас Орашева (2018 г.). Во время концертного вечера прозвучат жемчужины традиционного песенного искусства, народные песни и терме, отражающие богатство музыкального наследия казахского народа. Вниманию слушателей будут представлены бессмертные произведения выдающихся композиторов, таких как Акан сері, Биржан сал, Мухит, Даулеткерей и Гарифолла Курмангалиев. В концерте также примут участие ансамбль народного танца «Шалкыма» и этно-ансамбль «Коркыт». Коллектив «Шалкыма» продемонстрирует красоту и самобытность казахского танцевального искусства, а ансамбль «Коркыт» создаст гармонию традиционной музыки и этнических мотивов, усиливая художественную выразительность концерта. Их выступления придадут программе особую глубину и подчеркнут многогранность национального наследия. Среди почётных гостей вечера заслуженный деятель Казахстана, известная исполнительница традиционных песен Айгуль Косанова, а также лауреаты республиканских конкурсов Өзгеріс Шерікбай, Айдос Оңғарбай, Алуа Қалымбекова и Нұржан Мейірхан. Их исполнение станет ярким украшением концерта и подарит зрителям незабываемые эмоции. Этот концерт станет не только значимым событием для ценителей искусства, но и источником духовного обогащения для каждого, кто интересуется национальной культурой.
Қазақконцерт приглашает на юбилейный концерт артистки Казахского государственного симфонического оркестра, Мәдениет саласының үздігі, лауреата международных …