Қазақконцерт сүйікті көрермендерін ұлы қазақ ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай Әлемi» атты концертке шақырады. Бұл кеште Абайдың рухани мұрасына музыкалық саяхат жасалып, сөз өнерінің тереңдігі, әуеннің саздылығы, поэзия мен философияның үндестігі, дәстүр мен заманауи бағыттар бір арнада тоғысады. Негізгі назар қазақ әдебиеті мен музыкасына ғана емес, бүкіл ұлттың мәдени келбетін айқындаған бай көркем мұраға аударылады. Бағдарлама: Абайдың бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған шығармалары алғаш рет тыңдарманға жол тартады; Танымал туындылар заманауи сахналық шешімдер мен музыкалық өңдеулер арқылы жаңаша сипатқа ие болады; Поэзия, философия және музыка біртұтас көркемдік кеңістікте тоғысып, ерекше атмосфера қалыптастырады; Дәстүрлі өнердің майталмандары мен жас дарындар бір сахнада өнер көрсетеді; Абайдың әйгілі әндеріне арналған аспаптық вариациялар ұсынылады; Заманауи композиторлар мен ақындардың Ұлы ақынға арналған төл туындылары орындалады. Концертке «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысады: Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек; Толғанбай Сембаев Белгілі күйші Қайрат Айтбаев; Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар; Күнсұлу Түрікпен; Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Жанту Дадабаев. Қапы қалмаңыз! Абай мұрасы арқылы ұлы даланың мәңгілік үнін жан-тәніңізбен сезініңіз. Қазақконцерт приглашает зрителей на концерт «Абай Әлемi», посвящённый 180-летию великого казахского поэта, мыслителя и композитора Абая Кунанбаева. Этот вечер станет музыкальным путешествием в духовный мир Абая, где соединяются слово и мелодия, поэзия и философия, традиция и современность. В центре внимания — глубокое художественное наследие, сформировавшее не только казахскую литературу и музыку, но и культурную самоидентичность народа. В программе: Премьеры ранее не исполнявшихся произведений Абая; Современные сценические и музыкальные интерпретации, придающие новое звучание знакомым произведениям; Слияние поэзии, философии и музыки в едином художественном пространстве; Выступления ведущих мастеров традиционного искусства и молодых исполнителей; Инструментальные вариации известных песен Абая; Авторские композиции, посвящённые Абаю, написанные современными композиторами и поэтами. В концерте примут участие солисты Центра национального искусства «Халық қазынасы»: Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек; Толғанбай Сембаев; Қайрат Айтбаев; Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар; Күнсұлу Түрікпен; Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Жанту Дадабаев. Не пропустите! Прикоснитесь к великому — почувствуйте голос степи, звучащий через поэзию и музыку Абая.