График работы: пн, ср–вс 10:00–18:00 вт — выходной. Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі — Орталық Азиядағы ең көне әрі ең ірі музейлердің бірі. Ол елдің бай тарихы мен мәдениетін жан-жақты көрсететін маңызды мәдени орталық. Музей XIX ғасырда негізі қаланып, 1985 жылдан бері арнайы жобаланған заманауи ғимаратта орналасқан. Бүгінде музей қорында 300 000-нан астам бірлік жәдігер бар. Бұл экспозициялар Қазақстан тарихының барлық кезеңдерін қамтиды: ежелгі дәуір мен археологиялық табыстардан бастап бүгінгі заманға дейін. Коллекция құрамында бірегей артефактілер, этнографиялық материалдар, нумизматикалық жинақтар, тарихи құжаттар, тұрмыстық бұйымдар, діни жәдігерлер мен өнер туындылары бар. Музейдің жалпы аумағы шамамен 17 000 шаршы метрді, ал тұрақты экспозициялар 4 000 шаршы метрді құрайды. Онда 6 негізгі зал жұмыс істейді: Палеонтология және археология залы Тарихи этнография залы Қазақстан тарихы залы «Қазіргі Қазақстан» залы «Ашық қор» Антропология залы Музей ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметпен белсенді айналысады, уақытша көрмелер, ғылыми конференциялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады. Мекеме — Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратын орталық. Центральный государственный музей Республики Казахстан в Алматы один из крупнейших и старейших музеев Центральной Азии, отражающий богатую историю и культуру страны. Основанный в XIX веке, музей с 1985 года располагается в современном здании, специально спроектированном для его нужд. Сегодня музей располагает внушительной экспозицией, насчитывающей более 300 000 единиц хранения, охватывающих все этапы истории Казахстана: от древнейших времён и археологических находок до современности. Коллекция включает в себя уникальные артефакты, этнографические материалы, нумизматические собрания, исторические документы, предметы быта, религиозные объекты и произведения искусства. Общая площадь музея составляет около 17 000 квадратных метров, из которых 4 000 кв. м занимают постоянные экспозиции. В музее действует 6 основных зала: Зал палеонтологии и археологии; Зал исторической этнографии; Зал истории Казахстана; Зал «Современный Казахстан»; «Открытый фонд»; Зал антропологии. Музей активно занимается научно-исследовательской и образовательной деятельностью, проводит временные выставки, конференции и культурные мероприятия. Музей является важным центром сохранения и популяризации историко-культурного наследия Казахстана.