Бұл мюзикл қаскүнем монах мен ашкөз сатармандардың ұшыраған әкесін құтқару үшін жан пидаға тәуекел еткен жанқияр қыз Сим Ченнің хикаясын баяндайды. Алайда түбінде бәрі жақсылықпен аяқталып, қаншама тауқымет тартқан Сим Чен бейнетінің зейнетін көреді. Қызын жалғыз өзі мәпелеп өсірген зағип әкесі Сим Бон Са айналасындағы көршілерінің қулығына алданып қалады. Арам пиғылды Пян Дек тәте мен монах әкесінің көзін емдейміз деген жалған уәдемен бейшара қызын саудагерлерге күңдікке сатып жібереді. Жанын қимақшы болған Сим Чен көп ойланбастан тұңғиық терең дарияға секіргенімен, су астындағы ғажайып тылсым әлемге тап болады...