Фортепиано үніне еліткен камералық кеш. Нұргүл Нүсіпжанова — халықаралық байқаулардың лауреаты, К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектептің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Н. Рубинштейн атындағы халықаралық байқауда (Париж, 2013) І жүлдені жеңіп алған. Пианист Еуропа мен АҚШ-тың әйгілі сахналарында, соның ішінде Карнеги Холлда өнер көрсеткен. Концерт бағдарламасы — Нұргүл Нүсіпжанованың жеке музыкалық таңдауы. Бұл камералық кеште түрлі дәуір мен сан алуан музыкалық әлем тоғысады: заманауи және өмірден өткен қазақстандық композиторлардың, сондай-ақ Рахманинов, Равель мен Капустиннің шығармалары орындалады. Музыкалық тілі мен көңіл күйі қилы-қилы болса да, бұл туындылардың барлығын бір арнаға тоғыстыратын ортақ қасиет — олардың әрқайсысы пианистің шығармашылық әлемінде айрықша орын алады. Тыңдарманмен терең сырласуды мақсат тұтқан камералық кеңістікте музыка жаңа қырынан ашылады. *** Камерный вечер фортепианной музыки. Нургуль Нусипжанова — лауреат международных конкурсов, выпускница школы им. К. Байсеитовой и Казахской национальной консерватории им. Курмангазы, обладатель I премии Международного конкурса им. Н. Рубинштейна (Париж, 2013). Её концерты проходили на престижных площадках Европы и США, включая Карнеги-холл. Программа концерта — личный музыкальный выбор Нургуль Нусипжановой. В камерном вечере встретятся разные эпохи и музыкальные миры: современные и ушедшие казахстанские композиторы, Рахманинов, Равель, Капустин. Непохожие по языку и настроению произведения объединяет то, что каждое из них занимает особое место в творческом мире пианистки. Музыка, раскрывающаяся в камерном пространстве и внимательном диалоге со слушателем. *** An Evening of Chamber Piano Music. Nurgul Nussipzhanova is an internationally acclaimed pianist and laureate of numerous international competitions. A graduate of the Kulyash Baiseitova Specialised Music School and the Kurmangazy Kazakh National Conservatory, she was awarded First Prize at the Nikolai Rubinstein International Piano Competition in Paris in 2013. Her career has taken her to some of the world’s leading concert venues across Europe and the United States, including Carnegie Hall. The evening’s programme presents a deeply personal selection curated by the pianist herself. Bringing together works by contemporary and late Kazakh composers alongside music by Sergei Rachmaninoff, Maurice Ravel and Nikolai Kapustin, it traverses contrasting musical landscapes, eras and aesthetic traditions. Diverse in language, character and expressive vocabulary, each work occupies a distinctive place within Nussipzhanova’s artistic imagination. Set within the intimacy of a chamber setting, the programme invites listeners into a space of close attention and quiet exchange, where music unfolds through a thoughtful dialogue between performer and audience.