Naiza 72 турнирінің басты айқасында ауыр салмақ чемпионы Хусейн Адамов (14-3) алғаш рет белбеуін қорғайды. Үміткер Ерлан Шакишев (2-0) ресейлік спортшыны жеңіп, ауыр салмақтың үздігі атануды көздеп отыр. Маңыздылығы жағынан екінші кездесуде Дәулет Өсербай (4-1) мен Овайс Якуб (2-1) арасындағы тартысты айқас күтіп тұр. Өнер мен спортты қатар алып жүрген Дәулет Өсербай мансабындағы бесінші жеңісіне жету үшін барын салады. Одан бөлек, Naiza 72-де алыс-жақын елдердің үздік жауынгерлері мен еліміздің мықты спортшылары өнер көрсетеді. Жауынгерлердің жарқын айқасын көруге шақырамыз. В главном поединке турнира Naiza 72 чемпион в тяжёлом весе Хусейн Адамов (14-3) проведёт первую защиту пояса. Претендент Ерлан Шакишев (2-0) намерен победить российского спортсмена и стать лучшим в тяжёлом дивизионе. В соглавном бою ожидается напряжённый поединок между Даулетом Усербаем (4-1) и Овайсом Якубом (2-1). Даулет Усербай, совмещающий спорт и кино, сделает всё возможное, чтобы одержать пятую победу в своей карьере. Кроме того, на турнире Naiza 72 выступят лучшие бойцы из ближнего и дальнего зарубежья, а также сильнейшие спортсмены нашей страны. Приглашаем вас увидеть зрелищные поединки бойцов!