Қожанасыр тірі екен

Қожанасыр тірі екен
Concordia
Қожанасыр жалпы Шығыс, оның ішінде түркі халықтарына ортақ фольклорлық кейіпкер. Ал, спектакльде арамызда жүрген Қожанасырды сатып пайда таппақ, сенсация жасамақ болған коммерсанттар... Ортақ бабалары Қожанасырды өз еліне алып кету үшін келген түркі халықтары өкілдерінің өзара дау-дамайы, пікірталасы... Қожанасыр түскен ситуациялар — пьеса мен спектакль алға тартатын түп идеяны ашуға бастайды: тарих көшіне ілесе алмай, тілін, дінін жоғалтқан, ділінен айырылған халықтар жер бетінде аз емес.
ХХІ ғасыр — жаһандану ғасырына түркі халықтары қалай жетті, болмысы қалай өзгерді? Бұл жолда ол нені тапты, неден ұтылды және бүгінгі түркі әлемінің бет-бейнесі қандай? Қойылым оқиғалары күлкі тудыра отырып халқымыздың, жалпы түркі әлемінің бүгінгі ахуалын зерделей білуге, болашағы туралы ойлануға шақырады.

Стоимость 1000 - 8000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Concordia

похожие мероприятия

Все мероприятия в Алматы