График работы: вт–вс 10:00–18:00 пн — выходной. Каждый последний день месяца санитарный день. Выставка продлится до 03.08.25. Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен Қытайдың Ұлттық өнер музейімен бірлесіп «Идеялар өнері — Қытай ұлттық музейінің жауһарлары» атты көрмені ұсынады. Экспозицияда қытай өнер шеберлерінің жетістіктерімен таныстыратын шамамен 50 туынды — кескіндеме, графика және мүсін үлгілері қойылған. 2018 жылы Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Жібек жолы бойындағы музейлер мен галереялардың халықаралық альянсына кірді. Бұл кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасын Қытай ұлттық музейі көтерген. Игі бастама елдер арасындағы мәдени және өнер алмасуды нығайтуға бағытталған. «Идеялар өнері — Қытай ұлттық музейінің жауһарлары» көрме жобасы ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады. Қазақстандық көрермендер үшін бұл — Бейжің қаласындағы жетекші өнер музейінің ұсынған қытай өнерінің таңдаулы үлгілерімен танысудың бірегей мүмкіндігі. Көрмеге ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қытайдың әйгілі суретшілерінің туындылары — мүсін, майлы бояу, акварель, гуашь және қағазға тушьпен орындалған дәстүрлі қытай кескіндемелері енгізілген. Суретшілер Се-и дәстүрін жалғастыра отырып, стиль, техника және материал ерекшеліктері арқылы бейнеленген нысанның сыртқы көрінісімен қатар оның рухани болмысын да ашуға ұмтылады. Государственный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева совместно с Национальным художественным музеем Китая при поддержке Генерального Консульства Китайской Народной Республики в Алматы представляют выставку «Китайское искусство идей Шедевры из Национального музея Китая». Экспозиция включает около 50 произведений живописи, графики и скульптуры и знакомит с художественными достижениями мастеров искусства Китая. В 2018 году Государственный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева вошёл в состав Международного Альянса музеев и галерей Шёлкового пути. Инициатива слияния профессиональных арт-организаций принадлежит Национальному музею Китая и направлена на объединение усилий по культурному и художественному обмену между странами-участниками. Проект выставки «Китайское искусство идей Шедевры из Национального музея Китая» является частью значимых обменных культурных программ по продвижению национального искусства. Для казахстанского зрителя это прекрасная возможность познакомиться с лучшими образцами китайского искусства, представленного ведущим художественным музеем в Пекине. Произведения скульптуры, живописи, акварели, гуаши и традиционной китайской живописи тушью на бумаге созданы известными художниками Китая ХХ-ХХI веков, которые развивают художественную традицию Сиэйи. В своём творческом стремлении, через стиль, технику и особенности материалов, мастера выражают не только внешнюю реальность изображения, но и раскрывают его внутреннюю духовную сущность.