Қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты театрландырылған кешке шақырады. Кеш барысында көрермен назарына театр репертуарындағы үздік қойылымдардан сахналық үзінділер ұсынылады. Шараның айрықша ерекшелігі ұлттық театр өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан танымал актерлердің қатысуымен өткен мен бүгін сабақтасып, көркем шежіреге айналады.