Абай Бегей сіздерді үлкен мерекелік жеке концертіне шақырады! Бұл кеште ел сүйіп тыңдайтын, әр тойда орындалатын ең танымал әндер шырқалады: «Аспанға қараймын», «Алматыда», «Жаным-ау», «Мұңайма, Үрбибі» және тағы басқа көптеген хиттер. Концерт шынайы эмоциялар мен жылы көңіл-күйге, жанды орындау мен көрерменнің ықыласына толы әсерлі кездесу болмақ. Қазақ эстрадасының ең жарқын өкілдерінің бірімен осы тамаша кешті бірге өткізуге шақырамыз!