Ғашық — жүрек

Ғашық — жүрек
21 июня 2024 19:00
Музыкальный театр юного зрителя
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» барша қазақтың жүрек түкпірінен орын алған қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап «Ғашық – жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын сахналайды. Бұл – ұлт перзентіне деген құрмет, қаламгер шығармашылығына деген махаббат.
«Ғашық-Жүрек» спектаклі автордың ой-арманынан, жүрек қалауынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған түрлі поэзиялары мен өлеңдеріне жазылған, әсерлі әндеріне құрылған сахналық қойылым. Сондай-ақ, махаббат, өмір, сағыныш, ғашықтық ғаламаты мен адал достық, Отан ана мен табиғат ана сынды күрделі тақырыптарға ерекше ықыласпен іңкәрлікпен қараған тұлғаның көзқарасы іспеттес.
Бұл поэтикалық-музыкалық қойылым жасөспірімдер мен балаларды мәдениетке, руханиятқа шақырып, олардың жүрегіндегі махаббаты мен мейірімін байытып, оқылатын өлеңдердегі тақырыптар мен орындалатын әндердегі оқиғаларды жас көрерменнің көкірегіне тоқып, санасына сіңіреді. Сонымен қатар, балалардың қиял қанаттарын әдеби әлемнің көгінде қалықтатып, жан-дүниесіне көркем өнердің сәулесін түсіріп, олардың табиғатында суреткерлік таным-түсінік пен өнерпаздық көзқарасты қалыптастырады. Қазақ әдебиетінің әйгілі тұлғаларының бірі – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына деген құштарлығын үдетіп, сүйіспеншілік сезімдерін жандандырады.

Стоимость 3000 ₸
изменить информацию сообщить о проблеме

С этим мероприятием что-то не так?

  • Неправильная дата или время
  • Неправильный адрес
  • Неправильно указан тип мероприятия
  • Плохое описание
  • Мероприятие отменено или отложено
  • Неприемлемый/неприличный контент
  • Нарушение авторских прав
  • Это спам
  • Не получается купить билет

Музыкальный театр юного зрителя

похожие мероприятия

Все мероприятия в Астане
01 июня, 02 июня
01 июня, 04 июля
01 июня
31 мая, 01 июня ...
14 июня, 15 июня
01 июня, 06 июня